2026 жылғы қаңтар- шілдедегі ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2026 жылғы қаңтар- шілдедегі ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

              Экономиканың нақты секторы. 2026 жылғы қаңтар- шілдеде, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,1% -ға аз. Оған өңдеу өнеркәсібінің 32,5% кемуі әсер етті.

              Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде  2004,8 млн. теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымының көлемінің өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1%-ды құрады.

           2026 жылғы қаңтар –шілдеде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 4 754,6 млн.теңгені құрады. Бағалар индекісін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,0% артты.

          Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 3 433 шаршы метрді құрады және 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1%-ға көп.

          2026 жылдың 1 тамызына аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 165 шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілер , соның ішінде 158 (95,8%)- шағын, 5  (3,0%)- орта, 2 (1,2%)- ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъектілердің - 38,2%-ы, жеке меншік - 61,8%-ы тіркелді

Орындаушы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Статистика басқармасының басшысы:

Б.Ә. Хамитов

Тел. +7 (72339) 3-14-88

Мекенжай:

Күршім а.

Барақ батыр көшесі 25

 

© Күршім ауданының Статистика басқармасы

2025 жылғы қаңтар- шілдедегі ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

№ 8

2026 жылғы 24 тамыз

Лауазымы

Қолы

Ажыратылуы

Басқарма басшысы

 

Б.Ә. Хамитов

«24» тамыз 2026 жыл

 

Дата публикации
24 августа 2026