Интеллект-шоу «Отан қорғаушы»

Интеллект-шоу «Отан қорғаушы»

2026 жылғы 29 сәуірде жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құқықтық және сайлау сауаттылығын арттыру мақсатында Отан қорғаушылар күніне арналған интеллектуалдық шоу өткізді. Іс-шара ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының және ауданның жас сайлаушылар клубының мүшелерінің қолдауымен өткізілді.

Зияткерлік сайысқа екі команда қатысты: ШҚО бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Күршім ауданы бойынша шекара басқармасының «Жеті қалқан» командасы және ҚР Әуе қорғанысы күштерінің 31767 «В» әскери бөлімінің «Барыс» командасы.

Жас әскери қызметшілер тапқырлық танытып, сайлау заңнамасы, Қазақстан тарихы, ҚР Қарулы Күштерінің тарихы бойынша өз білімдерін көрсетті, сондай-ақ дайындалған музыкалық нөмірлер мен сәлемдесулерін ортаға салды. Әр команда өз аттарын алдын-ала белгілеп, атрибуттарын дайындады (символика, белгішелер, плакаттар). Нәтижесінде ең мықты команда жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар, грамоталар мен кубоктар табыс етілді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Дата публикации
30 апреля 2026