Таза су
Қалжыр ауылында (су құбыры желілерінің ұзындығы 22 км) және Боран ауылында ( желілерінің ұзындығы 33 км) су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды);
6 ауылда (Қайнарлы, Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Бұғымүйіз, Урунхайка, оң жақ Өскемен) суды тазартудың Блокты-модульді станциялары орнатылды.
Марқакөл ауылындағы су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді).
Маралды және Барақ батыр ауылдарында су құбыры желісінің құрылысы басталды.
Тұтастай алғанда, жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру халықты үздіксіз сумен жабдықтауды, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды және ауыз су сапасының кепілді жақсаруын қамтамасыз етеді.
Елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету 70,5 пайыздан 88,6 пайызға дейін өсті.
Жолдар
Күршім ауданы жолдарының ұзындығы - 931 км, оның ішінде 76 км республикалық маңызы бар, 551 км облыстық маңызы бар және 304 км жергілікті маңызы бар.
39 км ауыларалық автомобиль жолдарына ("Боран ауылына кіреберіс" 4 км, "Күршім-Алғабас" 10 км, "Үлкен Нарын-Күршім" 25 км) және 23,5 км ауылішілік жолдарға (Күршім ауылында 4,5 км, Марқакөл ауылында 15 км және Қалжыр 4 км ) орташа жөндеу жүргізілді.
Елді мекендердің ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі
Бүгінгі таңда өмірді ұялы байланыссыз елестету қиын.
Осы мәселелерді шешу бойынша Теле-2 ұялы байланыс операторларымен "250+" тізіміне 9 ауыл енгізілген, олардың ішінде Бурабай, Жолсуқау, Төсқайың, Үшбұлақ, Ақбұлақ, Маралды, Қалжыр және Марқакөл тұрғындарының жалпы саны 7219 адамды құрайды, бүгінгі күні ұялы байланыспен толық қамтамасыз етілген. Теректібұлақ ауылы базалық станцияда баптау сатысында.
Сондай-ақ, Ақсуат ауылында ұялы байланыс іске қосылды. Бүгінгі таңда Алғабас ауылында 883 адамды ұялы байланыспен қамтамасыз ететін 3G интернет желісіне қосылуды қамтитын "Beeline" мобильді байланыс мұнарасын салу бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан өңірлік телекоммуникация дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін ТОБЖ технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде Күршім ауданы бойынша Боран, Қалжыр және Марқакөл ауылдарындағы мемлекеттік мекемелер (мектептер, ауруханалар, әкімдік және полиция) Интернет желісіне қосылатынын хабарлады.