Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту
Аз қамтылған 500 отбасына 216662,0 теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 173 көп балалы, 327 аз қамтылған отбасыларға.
464 отбасына 22700,0 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді.
«Визол» ЖШС халықтың әлжуаз топтарына қайырымдылық көмек көрсетті:
- 200 көп балалы отбасыларына 4000,0 мың теңгенің бірінші қажетте азық-түлік берілді (әр отбасына 50 кг қант және 50 кг ұн);
- 182 отбасына (аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім-балалар, мүгедек-балалар) 8000,0 мың теңгеге қайырымдылық көмек ретінде көмір берілді, сондай-ақ басқада қайырымдылық демеушілермен 270 отбасына 560,0 мың теңгенің жаңа жылдық кулек таратылды.
Күршім ауданыныда бүгінгі күні 1063 мүгедектер бар, оның ішінде :
1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер 540 адам, 3 топтағы 450 және 73 бала жастан мүгедектер.
Медициналық-әлеуметтік сараптама шешімінің негізінде және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектер қажетті оңалту техникалық құралдармен камтамасыз етіледі.
1-ші топтағы 19 мүгедекке 12 жеке көмекші қызмет көрсетеді.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға 12 серуен арба, сөз шығаратын 2 ноутбук, 2 балалар арба, 8 таяқ, сүйеніші бар 3 таяқ, 7 тифлотаяқ, ересектерге арналған 4 суйеніш таяқ және балаларға арналған 1 таяқ, 4 балдақ, 1 көпфункционалды дабылды жүйе.
Мүгедек-балаларға арналған 7 орын-төсектілік күндізгі қатынау бөлімшесі ашылды. Үй жағдайында 101 жалғызілікті қарияларға, 13 мүгедек балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиясы бар 115 мүгедекке қызмет көрсетіледі.
Жұмыспен қамту бөлімінде жұмысқа орналасу мәселесімен 1129 адам тіркелген, оның ішінде 578 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 51,1% құрады.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 298 адам, жастар практикасына 33 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді.
Меншік бизнесін ашу үшін 122 қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді, оның ішінде 27 аз қамтылған отбасы, 38 көп балалы аналар, 38 өзін өзі қамтығандар, 11 жастар, 2 қоныс аударғандар: оның ішінде 104 грант малшаруашылығын дамыту, 1 құс өсіру, 17 меншік бизнесті ашу үшін жабдықтар сатып алу.