
1974 жылы 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-педагог мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000 - 2002 жылдары Қ.Нұрғалиев көпсалалы мектеп-гимназиясының өндірістік еңбек шебері және физика пәні мұғалімі, 2002-2005 жылдары Теректібұлақ орта мектебінің директоры, 2005 - 2007 жылдары Бурабай орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2007-2012 жылдары Абай ауылдық округінің әкімі, 2012 жылдың ақпан – маусымы аралығында Күршім ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2012 жылдың маусым айынынан Күршім ауданының білім бөлімінің басшысы.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.