GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
01 июня 2026
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

​«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
​🏡 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы оны бұрын белгіленген мақсатынан өзгеше пайдалануды жоспарлаған жағдайда жүргізіледі.
​📲 Өтінішті беру тәсілдері:
​eGov.kz порталы арқылы (БЖКН/ЕГКН жүйесінде);
​«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО/ЦОН) арқылы;
​Жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тікелей беру арқылы.
​💻 eGov.kz және БЖКН (ЕГКН) арқылы өтініш берудің ОҢАЙ ҚАДАМДАРЫ :
​1. Жүйеге кіру және авторлану
​egov.kz сайтына кіріңіз.
​ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-код немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз.
​2. БЖКН (ЕГКН) жүйесінен қызметті іздеу
​Санаттар ішінен «Жылжымайтын мүлік» (Недвижимость) «БЖКН» (ЕГКН) «Шешімдер беру» (Выдача решений) бөлімін табыңыз.
​Немесе іздеу жолағына тікелей «Нысаналы мақсатын өзгерту» (Изменение назначения) деп жазыңыз.
​3. Өтінішті рәсімдеу
​Жер учаскесі туралы мәліметтерді толтырыңыз.
​Қажетті құжаттарды жүйеге жүктеңіз.
​4. Қол қою және жолдау
​Дайын болған өтінішке өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізбен қол қойыңыз.
​Өтінішті жөнелтіңіз және нәтижесін күтіңіз.
​📂 Өтінішке қоса ұсынылатын құжаттар:
​Жеке басты куәландыратын құжат (ID карта);
​Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
​Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (Акт);
​Схема (қажет болған жағдайда);
​Сұратылып отырған нысаналы мақсатқа байланысты өзге де қосымша құжаттар.
​🔍 Өтінішті қарау барысында келесі жағдайлар ескеріледі:
​Қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі;
​Елді мекеннің бас жоспары;
​Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ПДП);
​Санитарлық, экологиялық және құрылыс нормалары;
​Жер учаскесіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтардың (кепілдік/залог, тыйым салу/арест) болуы немесе болмауы.
​✅❌ Қарау нәтижесі бойынша:
​Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы шешім шығады;
​Немесе заңнамада көзделген нақты себептер көрсетіле отырып, бас тарту туралы шешім қабылданады.
​⏱️ Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес айқындалады және жер учаскесінің санатына әрі келісу рәсімдерінің қажеттілігіне байланысты болады.
​⚠️ Қосымша хабарлаймыз: Жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау — Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады!

19 мая 2026
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

               Шетелдік                            дереккөздердің                           мәліметінше

(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/appleaccountchangealertsabusedtosendphishingemails/ https://itspeaker.ru/news/khakeryatakuyutpolzovateley

apple/ https://securitymedia.org/news/list/appleprevratilivfishingretranslyatormoshenniki

vshivayutprimankuvlegitimnyeuvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда. 

Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.

Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.

Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:

  • құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатуды ұсынады;
  • құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
  • шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық тәсілдерді пайдаланады.

Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау шалмау;
  • сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
  • бөгде бағдарламаларды орнатпау;
  • екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.

29 апреля 2026
Барақ батыр ауылы Бунтовских көшесі бойындағы су ағатын арықтарды тазартылу жұмыстары

Барақ батыр ауылындағы Бунтовских көшесінің бойында су ағатын арықтарды тереңдету және тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29 апреля 2026
Барақ батыр ауылында көріктендіру жұмыстары

Барақ батыр ауылындағы Достық көшесінің бойындағы электр бағандары ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілді. Бұл жаңашыл бастама көшенің сәнін келтіріп, ауылдың келбетін айшықтай түсті.
Көріктендіру жұмыстары жергілікті ортаның тартымдылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Тұрғындар жаңа өзгерістерді жылы қабылдап, мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасуына қолдау білдіруде.

27 апреля 2026
"Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 4 сәуір күні Сарыөлең ауылдық округіне қарасты үш елді мекенде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға үш елді мекеннен жалпы саны 150 адам қатысып, аумақтарды тазалау жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Сенбілік қорытындысы бойынша 10 тонна қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орынға шығарылды.

27 апреля 2026
Сарыөлең ауылдық округте Әз Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

Сарыөлең ауылында Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шара барысында ауыл тұрғындары ұлттық нақыштағы киімдер киіп, салтанатты шерумен жүріп өтті.
Ауыл көшелері әсем безендірілген киіз үйлер тігіп әр шаңырақта қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық өнері кеңінен таныстырылды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, ән мен күй шырқалып, би биленді.
Сонымен қатар, мереке аясында түрлі спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді түрде қатысып, өзара бақ сынасты.
Әз Наурыз – жаңару мен бірліктің, татулық пен берекенің символы. Сарыөлең ауылындағы мерекелік іс-шаралар осы құндылықтарды айшықтай түсіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

27 апреля 2026
су ағатын арықтарды қардан тазалау жұмыстары

Сарыөлең ауылдық округіне қарасты үш елді мекенде орналасқан су ағатын арықтарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар көктемгі су тасқынының алдын алу және еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылуда.

 

24 июля 2025
Сарыөлең ауылына кіре берістегі оң жағында мешіт алдына №2-саябақтың сыртқы қоршауы жаңартылып ішіне демалатын орындықтармен самалжайлар (беседка)орнатылды.Түнгі уақытта жарықпен безендірілген. Мешіт жағындағы тоғанға жаңадан көпір салынып,іші-сырты абаттандырылып ауыл түрғындары үшін демалатын орын ретінде қолданысқа берілді. Мердігер: жеке кәсіпкер Қойлыбаев Нұржан Сейтқанұлы.

Сарыөлең ауылына кіре берістегі оң жағында мешіт алдына №2-саябақтың сыртқы қоршауы жаңартылып ішіне демалатын орындықтармен самалжайлар (беседка)орнатылды.Түнгі уақытта жарықпен безендірілген. Мешіт жағындағы тоғанға жаңадан көпір салынып,іші-сырты абаттандырылып ауыл түрғындары үшін демалатын орын ретінде қолданысқа берілді. Мердігер: жеке кәсіпкер Қойлыбаев Нұржан Сейтқанұлы.

24 июля 2025
Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Барақ батыр ауылында орналасқан "Тәуелсіздік" саябағының іші-сыртына және балалар ойын алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Барақ батыр ауылында орналасқан "Тәуелсіздік" саябағының аумағында, сондай-ақ балалар ойын алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар саябақтың ішкі және сыртқы көрінісін жақсартуға, тұрғындардың жайлы демалуына және балалардың қауіпсіз ойын ойнауына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

14 июля 2025
Сарыөлең ауыл тұрғындарына,Заң және құқық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сарыөлең ауылының тұрғындарына заң және құқық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жиындарда заңдарды сақтау, азаматтардың құқықтары мен қоғам алдындағы міндеттері туралы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, нормативтік актілердегі өзгерістер мен заңнаманы күнделікті өмірде қолдану практикасы туралы мәліметтер берілді.

 

 

Жителям села Сарыөлең были проведены разъяснительные мероприятия по вопросам законодательства и прав, направленные на повышение правовой грамотности населения. В ходе встреч обсуждались актуальные вопросы, связанные с соблюдением законов, защитой прав граждан и обязанностями перед обществом. Особое внимание уделялось разъяснению изменений в нормативных актах и практическому применению законодательства в повседневной жизни.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы