Биылғы 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Марқакөл ауылындағы Лесная, Журба, Айтмұхамбет Асқаров көше жолдарына асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарына 60 млн тг қаражат бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Округке қарасты Қарой елді мекенінен Марқакөл ауылына дейінгі жол тарабын ағымдағы жөндеуден өткізуге 2 млн тг бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Қарашілік ауылында футбол алаңы мен воркаут орнатуға барлығы 20 млн тг қаражат бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланып, қазіргі уақытта жауапты мердігер мекеме алаңның ішкі жамылғысы төселіп, қоршаулары қойылып, жұмыстар аяқталды.
Көше шамдарын жарықтандыру бойынша Қайнарлы ауылына 5 млн тг қаражат бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Қайнарлы, Марқакөл, Қарашілік ауылдарындағы тұрғын-үй қажет ететін жас мамандарға ағымдағы жылы үй салу жоспарланып, қазіргі күні Марқакөл ауылында 2 үй, Қайнарлы ауылында 1 үй, Қарашілік ауылында 1 үй салынуда. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды.
Ақжайлау ауылында ФАП салу жұмыстарына 150 млн астам қаражат бөлініп құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды.
Марқакөл ауылы тұғындарын жер асты артезиан суымен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы «Үш құдық» жер телімінде ұңғыма орнатылып, 2,5 метр тереңдікте, ұзындығы 5 км құрайтын су құбыры тартылып, электр жілісінің трансформаторлары орнатылды. 2022 жылы 250 кубтық су сақтау ыдысы, матор қорабы қойылды. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы сорғы орнатылып қазіргі күні ауыл тұрғындарына су берілуде.
Келесі 2024 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Марқакөл ауылында Кудайбердиева және Айтмұхамбет Асқарова көше жолдарына асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарына ұзындығы 2 км, 64 млн тенге қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылады.
Көше шамдарын жарықтандыру бойынша Марқакөл ауылында келесідей: Сатпаев, Сейфуллина, Асанова, Б.Момышулы, Журба, Абая, Абедимова, Смагулова, Бокеева көшелеріне ұзындығы 2 км, 70 млн тенге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізіледі.