Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«ШҚО Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы барлығы 48 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта 44 - бұл 91.6 %-ды құрайды.

Көрсетілген қызметтерге жүргізілген талдау бойынша, сұранысқа ие қызметтердің  көшбасшысына жер қатынастары саласының қызметтері кіреді. Олардың ішінде ең сұранысқа ие «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі – 39.

        Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Электрондық қызметтер орталығы» интернет-порталы жұмыс істейді (http://e-vko.gov.kz).

ЭҚО-да жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған, ауылдық округтерді қоса алғанда, өңірдің барлық көрсетілетін қызметті берушілерінің географиялық орналасуы бар.

Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекенжайлары» бөлімі қосылды, олардың орналасқан жерінің географиялық деректері көрсетілді. «Электрондық үкіметтің» веб-порталына сілтеме бойынша өту функционалы іске асырылды, оның көмегімен электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. IOS және Android платформаларында Мобильді нұсқа жұмыс істейді. Өтініштерді беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық түрде іске асырылады.

Ауылдық округте 1 «Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы» және  2 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасап тұр. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орталығы арқылы  2618  электрондық қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтағы мен   бұрыштардағы консультанттар «электрондық үкімет» порталының сервистері, mgov мобильді қосымшалары, @EgovKzBot2.0 Telegram-бот арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу және онлайн режимінде ЭЦҚ ресімдеу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
14 февраля 2024