Х А Б А Р Л А М А
"ASIA MINERALS MINING" ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының M-45-99- (10д-5в-23) (ішінара), М-45-99- (10д-5в-24) (ішінара), М-45-111-(10Б-5а-2) (ішінара), М-45-111- (10б-5а-3), м-45-111-(10Б-5а-4) (ішінара), М-45-111-(10Б-5а-7) (ішінара), М-45-111- (10Б-5а-8) (ішінара), М-45 -111 - (10Б-5а-9) (ішінара)" 8 блок шегінде "Кварцевый ключ" учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына" "ықтимал әсерлер туралы есеп" бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Әкімшілік жағынан, "Кварцевый ключ" лицензиялық учаскесі Күршім ауданының аумағында, Шығыс Қазақстан облысының аумағында, 26 км учаскеден оңтүстікке қарай Үшбұлақ ауылы орналасқан. Учаскенің ауданы-17,95 км2.
Учаскенің географиялық координаттары: 1. 49° 01‘ 00‘‘ с.ш., 85° 12‘ 00‘‘ в.д.; 2. 49° 01‘ 00‘‘ с.ш., 85° 14‘ 00‘‘ в.д.; 3. 48° 58‘ 00‘‘ с.ш., 85° 14‘ 00‘‘ в.д.; 4. 48° 58‘ 00‘‘ с.ш., 85° 11‘ 00‘‘ в.д.; 5. 49° 00‘ 00‘‘ с.ш., 85° 11‘ 00‘‘ в.д.; 6. 49° 00‘ 00‘‘ с.ш., 85° 12‘ 00‘‘ в.д.
Қоғамдық тыңдаулардың өтетін орны, күні мен уақыты - 03.07.2026 ж., 10:00, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды а.о., Үшбұлақ а., аулдық клуб.
Бейнеконференция сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/82938446565?pwd=K04gKaMxGXWIGlVCrD3cUd7qwxaNaY.1
Конференция идентификаторы: 829 3844 6565
Кіру коды: 898869
Қоғамдық тыңдауға шығарылған материалдармен сайтта танысуға болады ndbecology.gov.kz.
Сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган - Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті. 070003, Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12 үй, телефон-8 (7232) 76 76 82, сайт - https://egov.kz/cms/ru/articles/ecology/dep_eco.
Тапсырыс беруші: "ASIA MINERALS MINING" ЖШС, 010000, Астана қаласы, Момышұлы даңғылы 12, "Меруерт Тау" БО, оф.406. БСН 250840004775.
Әзірлеуші: "ЭкоОптимум" ЖШС, Астана қ., Момышұлы даңғылы 12, "Меруерт Тау" БО, оф.302, БСН 090140012657.
Ескертулер мен ұсыныстар жазбаша немесе электрондық нысанда мына мекенжай бойынша қабылданады: Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, 070004, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі 19, email – d.babakanova@akimvko.gov.kz, телефон - 8(7232) 25-73-20.
Қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру мынадай тәсілдермен таратылатын болады: "Мой край газетасы" басылымында, Altai телеарнасының эфирінде, сондай-ақ ауылдық клубтың хабарландыру тақтасында жарияланатын болады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауылымызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл әкімдігінің ұйытқы болуымен өткізіліп, оны мектеп ұжымы мен ауылдық клуб меңгерушісі бірлесіп ұйымдастырды.
Мереке барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ балалар арасында түрлі спорттық жарыстар мен қызықты ойындар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «ВСАМ Продакшн» ЖШС алғыс білдіреміз. Мереке балаларға қуаныш сыйлап, жарқын әсерге толы болды.
Күршім ауданы, Маралды ауылдық кітапханасында кітапханашы Толендиева А.Д. 31 Мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында кітапхана оқырмандарына Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығын насихаттады.
31 мамыр – халқымыздың тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алатын күн. Бұл күні біз жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен қайсарлығын құрметпен еске аламыз.
Тарихтың қасіретті беттерін ұмытпай, өткеннен тағылым алу – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет. Барша қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухы алдында бас иіп, олардың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталсын.
Құрметті қызмет алушылар!
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы оны бұрын белгіленген мақсатынан өзгеше пайдалануды жоспарлаған жағдайда жүргізіледі.
Өтінішті беру тәсілдері:
eGov.kz порталы арқылы (БЖКН/ЕГКН жүйесінде);
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО/ЦОН) арқылы;
Жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тікелей беру арқылы.
eGov.kz және БЖКН (ЕГКН) арқылы өтініш берудің ОҢАЙ ҚАДАМДАРЫ :
1. Жүйеге кіру және авторлану
egov.kz сайтына кіріңіз.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-код немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз.
2. БЖКН (ЕГКН) жүйесінен қызметті іздеу
Санаттар ішінен «Жылжымайтын мүлік» (Недвижимость) «БЖКН» (ЕГКН) «Шешімдер беру» (Выдача решений) бөлімін табыңыз.
Немесе іздеу жолағына тікелей «Нысаналы мақсатын өзгерту» (Изменение назначения) деп жазыңыз.
3. Өтінішті рәсімдеу
Жер учаскесі туралы мәліметтерді толтырыңыз.
Қажетті құжаттарды жүйеге жүктеңіз.
4. Қол қою және жолдау
Дайын болған өтінішке өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізбен қол қойыңыз.
Өтінішті жөнелтіңіз және нәтижесін күтіңіз.
📂 Өтінішке қоса ұсынылатын құжаттар:
Жеке басты куәландыратын құжат (ID карта);
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (Акт);
Схема (қажет болған жағдайда);
Сұратылып отырған нысаналы мақсатқа байланысты өзге де қосымша құжаттар.
Өтінішті қарау барысында келесі жағдайлар ескеріледі:
Қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі;
Елді мекеннің бас жоспары;
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ПДП);
Санитарлық, экологиялық және құрылыс нормалары;
Жер учаскесіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтардың (кепілдік/залог, тыйым салу/арест) болуы немесе болмауы.
Қарау нәтижесі бойынша:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы шешім шығады;
Немесе заңнамада көзделген нақты себептер көрсетіле отырып, бас тарту туралы шешім қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес айқындалады және жер учаскесінің санатына әрі келісу рәсімдерінің қажеттілігіне байланысты болады.
Қосымша хабарлаймыз: Жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау — Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады!
Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Маралды орта мектебінде соңғы қоңырау мерекесі өтті. Аталмыш мерекеге құрметті қонақтар ретінде аудан әкімінің орынбасары А.Ижимов , білім бөлімінің әдіскері М. Толеуханов, ауылдық округінің әкімі Б.Сеилханов және ардагер ұстаздар шақырылды. А.Ижимов аудан әкімі М.Альбековтың , М. Толеуханов аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Елубаевтың құттықтауларын жеткізді.
Соңғы қоңырау мерекелері Үшбұлақ және Қыстау-Күршім негізгі орта мектептерінде де өткізілді.
2025-2026 оқу жылын округ бойынша 115 оқушы аяқтап, 21 –і үздіктер қатарында.
20.05.2026 жылы Маралды ауылындағы балар алаңына округ әкімшілігі қызметкерлері тарапынан тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында округ әкімі Б.Сеилханов Үшбұлақ ауылының тұрғындары тыл ардагері Акпышев Мұқтархан атаны және ауыл ақсақалы Жауқамбаев Оралбекті Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні сағат 15:00- де ШҚО Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауылдық клуб ғимаратында «Громотушка қатты пайдалы қазбалар кен орнындағы тау-кен жұмыстарының жоспарына жоба бойынша ықтимал әсерлер туралы» және сағат 16:00-де «Громотушка учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары» жобасына экологиялық рұқсат алу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Қоғамдық тыңдау бастамашысы «BEDROCK» ЖШС Астана қаласы БСН 250840004775
Ықтимал әсерлер туралы есептерді құрастырушы және есеп беруші «ЭкоОптимум» ЖШС Астана қаласы
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы : Күршім ауданы әкімінің орынбасары
А.П.Ижимов
Хатшысы: Р.Давлетов
Қатысқан тұрғындар саны – 27
Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Күршім ауданының әкімі Маралды ауылдық округіне қарасты Маралды, Үшбұлақ, Қыстау-Күршім елді мекендері тұрғындарымен күнтізбелік кестеге сәйкес кездесу өткізді. Кездесу барысында халық тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріліп, бақылауға алынды.
Баспасөз хабарламасы
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше
(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-sendphishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateleyapple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshennikivshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін
пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған
хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі
киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып,
хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны
туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген
телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты
бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
- құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды
орнатуды ұсынады;
- құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
- шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық
тәсілдерді пайдаланады.
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау
ұсынылады:
- күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау
шалмау;
- сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
- бөгде бағдарламаларды орнатпау;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау
қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.