2025 жылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 1қызмет, заңды тұлғаларға – 7.
Электрондық түрде: 8 қызмет (жеке тұлғаларға – 1 қызмет, заңды тұлғаларға – 7), оның ішінде: электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 0; электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы - 8 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға –1, заңды тұлғаларға –7.
2025 жылғы «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Маралды ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан шағым түскен жоқ.
Мекемеде қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған, стенд орналасқан, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылармен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырылады.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2025 жылы 20 қызмет көрсетілген.
Сонымен қатар, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес нормативтік құқықтық акті күшіне енген күннен бастап аудан әкімінің интернет-ресурсында қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттар тұрақты түрде өзектендіріліп отырылады.