Құрметті қызмет алушылар! 🌾✨
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
🏡 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы оны бұрын белгіленген мақсатынан өзгеше пайдалануды жоспарлаған жағдайда жүргізіледі.
📲 Өтінішті беру тәсілдері:
eGov.kz порталы арқылы (БЖКН/ЕГКН жүйесінде);
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО/ЦОН) арқылы;
Жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тікелей беру арқылы.
💻 eGov.kz және БЖКН (ЕГКН) арқылы өтініш берудің ОҢАЙ ҚАДАМДАРЫ :
1. Жүйеге кіру және авторлану
egov.kz сайтына кіріңіз.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-код немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз.
2. БЖКН (ЕГКН) жүйесінен қызметті іздеу
Санаттар ішінен «Жылжымайтын мүлік» (Недвижимость) «БЖКН» (ЕГКН) «Шешімдер беру» (Выдача решений) бөлімін табыңыз.
Немесе іздеу жолағына тікелей «Нысаналы мақсатын өзгерту» (Изменение назначения) деп жазыңыз.
3. Өтінішті рәсімдеу
Жер учаскесі туралы мәліметтерді толтырыңыз.
Қажетті құжаттарды жүйеге жүктеңіз.
4. Қол қою және жолдау
Дайын болған өтінішке өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізбен қол қойыңыз.
Өтінішті жөнелтіңіз және нәтижесін күтіңіз.
📂 Өтінішке қоса ұсынылатын құжаттар:
Жеке басты куәландыратын құжат (ID карта);
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (Акт);
Схема (қажет болған жағдайда);
Сұратылып отырған нысаналы мақсатқа байланысты өзге де қосымша құжаттар.
🔍 Өтінішті қарау барысында келесі жағдайлар ескеріледі:
Қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі;
Елді мекеннің бас жоспары;
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ПДП);
Санитарлық, экологиялық және құрылыс нормалары;
Жер учаскесіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтардың (кепілдік/залог, тыйым салу/арест) болуы немесе болмауы.
✅❌ Қарау нәтижесі бойынша:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы шешім шығады;
Немесе заңнамада көзделген нақты себептер көрсетіле отырып, бас тарту туралы шешім қабылданады.
⏱️ Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес айқындалады және жер учаскесінің санатына әрі келісу рәсімдерінің қажеттілігіне байланысты болады.
⚠️ Қосымша хабарлаймыз: Жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау — Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады!
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше
(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/appleaccountchangealertsabusedtosendphishingemails/ https://itspeaker.ru/news/khakeryatakuyutpolzovateley
apple/ https://securitymedia.org/news/list/appleprevratilivfishingretranslyatormoshenniki
vshivayutprimankuvlegitimnyeuvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.
Бүгін халық пен жоғары сынып оқушылары арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарын жүргізу мақсатында дін мәселелері жөніндегі арнайы сарапшылардың кездесуі өтті.
Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мақсаты мен міндеттері:
Күршім АПБ бастығы полиция подполковнигі Толукпаев Саят Курмангазинович және Учаскелік полиция майоры Казиманов Ринат Елубайұлы халықпен кездесу өткізіп, халықтың бір шама сұрақтарына жауап берді.
Күршім ауданы әкімі мен Құйған ауылдық округі әкімінің халықпен есепті кездесуі
«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "ШҚО Күршім ауданы Құйған ауылдық округ әкімі аппараты" ММ ғимаратында "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс күндері.
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
2025 жылдың 23 қазан күні ШҚО лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлттық ономастика-Ел айнасы» атты байқау өткізілді. Байқауға әр ауданнан келген 6 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Күршім ауданынан келген «Қазына» командасы «Бас жүлде» иегері атанды. Команда құрамында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Л.Сайлаубекова, Құйған ауылдық округінің бас маман іс-басқарушысы М.Дукетаева, Күршім ауылдық округінің жетекші маман А.Дүйсенғазина. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – білімнің шамын жағып, әрбір шәкірттің жүрегіне үміт отын сепкен, рухани жетекші, болашақтың бағбандарысыздар.
Еңбектеріңіз ерен, төзімдеріңіз шексіз, жүректеріңіз кең.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, қажымас қайрат пен шығармашылық табыс тілейміз.
Ұстаздық жол – ұлы жол. Осы жолда сіздерге тек қуаныш пен абырой серік болсын!
Мерекелеріңізбен, ардақты мұғалімдер!
Өскемен қаласында облыстық "Адал азамат-адал еңбек" атты жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген іс-шарада "Үздік диханшы" наминациясының иегері атанған Шарапиев Базарбай.
Күршім ауданы Құйған ауылының Қайырбаев, Исабеков, Жақиянов көшелеріне 117 баған көше шамдары орнатылды