«ШҚО Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-демемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2023 жылғы қызметі туралы есебі

«ШҚО Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023  жылда 7 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

қағаз түрінде-0;

е-лицензиялау арқылы-7.

Қалжыр ауылдық  округінің  ауыл  тұрғындарына өте ыңғайлы және қолжетімді болып «Қалжыр ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Өзін- өзі қызмет көрсету» бұрышы орналасқан. Қызмет көрсету бұрышы компьютермен қамтылған, интернетке қосылған, веб камерасы бар, қызмет алуға толықтай жабдықталған. Ауылдық округ әкімі аппаратынан бас маман-іс басқарушыға бекітіліп берілген. Ауыл әкімшілігінде жұмыс істеп тұрған қызмет көрсету бұрышы тұрғындар үшін өте тиімді.

Қызмет алушыларға кеңес беріліп, олардың цифрлық сауаттылығын артыруға ықпал жасалып, әртүрлі анықтамалар беріліп отырады. 2023 жылы осы қызмет алу бұрышы арқылы 925 адам өзіне электрондық сандық кілт аштырып, 719  адам әртүрлі анықтамалар алды.

Электронды қызмет алушылар ауданға бармай-ақ электронды цифрлық қолтаңба, соттылықтың болу-болмауы туралы, наркологиялық және психоневралогиялық диспансерлерде есепте болмауы, тұрғылықты жер бойынша тіркелу, емханаға тіркелу,жылжымайтын мүліктің болуынемесе болмауы,электронды еңбек биржасына жұмыс іздеуші ретінде тіркелу, қалаған жұмыс орнына резюме қалдыру, шаруа қожалықтарына жұмысқа орналасу, шаруа қожалық иелері жұмысқа қабылдаған адаммен келісім шарт жасасу т.б. көптеген қызмет түрлерінің қолжетімділігі күннен-күнге қызмет алушылардың санының артқанын көрсетеді. 

Мұнда келушілер компьютер арқылы өздеріне қажетті анықтамалар мен электронды қызмет түрлерін өз беттерінше алады, кейбіреулеріне мамандар кеңес береді. Халықтың көпшілігі қызметтің: ЭЦҚ рәсімдеу, жылжымайтын мүлік, соттылықтың болу/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу сияқты қызмет түрлерін  көп  алады.

2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары тіркелген жоқ, қызмет көрсету барысында наразылық туындаған жоқ.

 

Дата публикации
22 февраля 2024