
Денсаулық саласы бойынша жалпы саны 13 адам халыққа қызмет көрсетеді. Қалжыр амбулаториясы: Қалжыр, Тақыр, Қазақстан, Жаңаауыл ауылының тұрғындарына алғашқы және жедел медициналық көмектерді көрсетеді. Сонымен қатар есепте тұрған 350 азаматтарға жылына бір рет мемлекет тарапынан бөлініп берілген тегін дәрі-дәрмектер беріліп отырады. 995 адам дәрігер қабылдауында болып медициналық көмек көрсетілді. 2023 жылы жедел көмек көрсетуге мұқтаж болған азаматтар 365 адамды құрады. Сонымен қатар жыл көлемінде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша округ тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.