Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет есебінен (трансферт) бөлінген қаражатқа Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылындағы балалар ойнайтын алаңың ойын және спорттық снарядтармен толықтыру жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым ЖК "Шаяхметова" Күршім ауылы.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет есебінен (трансферт) бөлінген қаражатқа Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылы І.Айтыкова (Сарыөзек) көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым ЖК "Ахмадиев" Күршім ауылы.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті бюджет есебінен (трансферт) бөлінген қаражатқа Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылында бұзылған (жартылай) бұзылған нысандардың орны тазаланып, тегістетіп, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. Мердігер ұйым ЖК "Ахмадиев" Күршім ауылы.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше
(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/appleaccountchangealertsabusedtosendphishingemails/ https://itspeaker.ru/news/khakeryatakuyutpolzovateley
apple/ https://securitymedia.org/news/list/appleprevratilivfishingretranslyatormoshenniki
vshivayutprimankuvlegitimnyeuvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.
ШҚО орталығында 11 сынып түлектері 2,5 мыңға жуық көшет отырғызды
Өскеменде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шараға шамамен 2,4 мың мектеп түлегі қатысты. Олар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге «Өскемен» аллеясына екі жарым мыңға жуық көшет отырғызды.
Бұл іс-шара мектеп түлектері үшін ерекше оқиғаға айналды. Әр ағашты оқушылар өз қолдарымен екті. Енді әрқайсысының туған қаласында өз «жасыл белгісі» бар деуге болады. Өңір басшысының айтуынша, мұндай бастама облыс орталығын көркейтіп қана қоймай, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. «Уақыт өте келе бұл аллея түлектер қайта оралып, өздері отырғызған ағаштардың қалай өсіп жатқанын көретін ерекше орынға айналады»,– деді Нұрымбет Сақтағанов.
Күршім ауданы "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-ен округке қарасты елді мекендерде көктемгі су тасқынының алдын алу және болдырмау мақсатында ауыл ішіндегі тоғамдарды, арықтарды, суағар құбырларды ашып тазалау жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 14 қаңтардағы аудан әкімінің №5-ө өкімі негізінде, 02 наурыз күні Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылдық клубында ауылдық округтердің қатысуымен "Ауылым - алтын бесігім" тақырыбында көркем өнерпаздар байқауы өтті. Қорытынды нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Қалғұты ауылдық округінің көркем өнерпаздары жүлделі 1 орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ен Қалғұты ауылдық округіне қарасты Қаратоғай, Ақши, Егіндібұлақ елді мекендерінің көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 25 фонарь, 4 счетчик, 5 пускатель, 1 таймер, 45 метр кабель (СиП16) ауыстырылды.
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Қаратоғай ауылындағы "Қаратоғай орта мектебі" КММ-де 1989-1990 жылдары туған жастар ұйымдастырған дәстүрлі волейбол турниры өтті. Турнирге спорт ардагерлері және ауыл жастарынан құралған 7 команда қатысты.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында халықпен кездесулер жүргізу кестесіне сәйкес, Қаратоғай ауылының ауылдық клубында, Ақши, Егіндібұлақ ауылдарында аудан әкімінің халықпен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берілді, ауыл тұрғындарының қалыптасқан мәселелері тыңдалды, ағымдағы жылда жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді. Жеке қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауап берілді, мәселе бақылаудан алынды.