
Шетелдік жоғары оқу орнында оқитын студентке сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректерін «студент» жеңілдікті санатына қосу үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталында оларды тіркеу бойынша сервис әзірледі
Студент egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде растайтын құжатты тіркей отырып (оқу орнынан анықтама), өтінім беруі қажет.