ШҚО Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округі әкімі аппаратының
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ
2025 жылы 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 2, заңды тұлғаларға –0.
Электрондық түрде: қызмет-0
қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы –2 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға –2 қызмет, заңды тұлғаларға-0
Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы ақпарат
2025 жылы мемлекеттік мекеме арқылы негізделген бас тарту тіркелмеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есепті кезеңде қаралған шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
2025 жылғы «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың атынан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат
Қалғұты ауылдық округінің әкімдігі тұрақты негізде "Электрондық үкімет" порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтер алуды танымал ету бойынша шаралар қабылдайды (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату және т.б.).
Округ бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 42-ден астам электрондық қызмет көрсетілді. Бұрыштардағы консультанттар "электрондық үкімет" порталының сервистері, telegram-бот мобильдік қосымшалары және онлайн режимде ЭЦҚ ресімдеу арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша заңнаманы сақтау, бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.чмс