GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
28 мая 2024
Жұмыссыздарды тұрмысқа қажетті мамандық бойынша оқыту

Боран ауылдық округіне қарасты Боран ауылында әкімшілік ғимаратында 2024 жылдың 29 сәуірден  мен  24 мамыр аралығында  «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ- нің мобилді оқу орталығының мамандары  келіп Боран ауылдық округінің жұмыссыз азаматтары мен азаматшаларына аспазшы және дәнекерлеуші мамандықтары бойынша курс (сабақ) өткізілді. Өткізілген сабақ негізінде емтихан тапсырып, әр қатысушыға қолдарына мамандықтары бойынша сертификат табыс етілді.

24 апреля 2024
Сәйкес сандар датасы: Өскеменде 70-ке жуық неке тіркелді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалында 2024 жылдың 24 сәуірінде жылдың төртінші сәтті, әдемі күнінде 67 жұп жас жұбайлар үйленді.

"Жас жұбайлар үшін үйлену күні әдетте өте маңызды.Сәтті, әдемі күндердегі  үйлену тойы көптеген жылдар бойы бақытты өмірді уәде етеді деген ұғым бар. Биыл әр айдың 24-ші күні сәтті, әдемі күн болып саналады", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның АХАТ басқармасының басшысы Әлия Крықпаева.

         Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда өткізуін немесе өткізбеуін таңдай алады.

         Айта кетейік, соңғы рет некені тіркеу рәсімі 24 ақпан – 24.02.2024 жылы некені заңдастырғысы келетіндерге ерекше сұранысқа ие болды. Бұл күні 15 жұп тіркелді.

22 апреля 2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
  1. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын кім толық көлемде, ал кім ішінара пайдалануға құқылы? Ол үшін не істеу қажет?

 

Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнетжасына толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға (өзі, пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы) БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді.

Сондай-ақ, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалана алады, атап айтқанда:

- әскери қызметшілер;

- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

-мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 25 жыл еңбек еткен және қызметтен босатылған кезде заңнамада белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі Әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге, ал емделу ақысын төлеу үшін-тек Отбасы банкіне жүгіне алады.

Сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде қамтамасыз ете алатын қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы Қордың ресми сайтында да көрсетілген.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алатынын хабарлаймыз. Тек мұндай адамдардың:

- зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын болуы керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының сомасы мен белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауға тиіс;

- БЖЗҚ-да жинақтары бар, қазіргі кезде зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және/немесе емделуге қалған сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Бірақ олардың жиынтық зейнетақысы (жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда) бұрын алған жалақысының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алады.

 

  1. БЖЗҚ-дағы ұзақ уақыт бойы талап етілмеген жинақтардың тағдыры қалай шешіледі? Ол қаржы қандай жағдайларда мемлекет кірісіне айналуы мүмкін?

 

Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде Алушының қайтыс болуына (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Осылайша, мұра иесіз мүлік деп мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негізінде сот шешімі бойынша ғана танылуы мүмкін.

 

  1. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру ережелері қандай? Мен жаңа ережелерге сәйкес, жинағымның қаншалықты көлемін аудара аламын?

 

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:

- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);

Немесе

- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;

- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

 

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңыздыИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.

Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.

 

  1. Қазақстан Республикасының қай санаттағы азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуденмүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. БЖЗҚ Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің"Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі"ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерге сұранысты дербес жасай алады.

Зейнетақы жинақтарытөлеміне өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kzинтернет-ресурсы,сондай-ақпошта байланысы арқылыберуге болады.

 

  1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма?

 

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері-1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;

2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері-1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинағанеңбек өтілін растау мақсатында,ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырғанзейнетақығақұқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы "Сұраныс" нысанын жіберуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

[1]Еуразиялықэкономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешіміменбекітілгенЕуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердіңеңбекшілерінзейнетақыменқамсыздандырутуралыкелісімніңнормаларынқолданужөніндегіЕуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердіңуәкілеттіоргандары, құзыреттіоргандарыжәнеЕуразиялықэкономикалық комиссия арасындағыөзараіс-қимылтәртібі

 

22 апреля 2024
Қоқыстарды өртегенде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!

Өрт бүгінгі күнге дейін ең қорқынышты апаттың бірі болып табылады. Жылы жазғытұрымғы күндердің шығуымен ауыл және қала тұрғындары жеке тұрғын аулаларына, ұйымдардың аумағына және көшелерде белсенді жинастыру жұмастарын бастайды.

Арнайы қашықтатылмаған жерлерде от жағу, қалдықтар мен қоқыстарды өртеу қауіптілігі жоғары ма? Мағлұматсыз көпшілікте осы сұрақ тан қалуын туғызады: «Қандай өрт қауіптілік? Барлығы өз қоқыстарын өртейді ғой! Соңында тұрғын халық мыс сақадай-сай! Кез келген жануларды өз күшімен сөндіруге дайынбыз!». Бірақ көбі қателеседі.

Жаңғыш материалдардан салынған құрыстырдың маңындағы бақылаусыз жанып жатқан қалдықтар мен қоқыстар, олардаң шыққан шоқтар, бір кішкентай жел соқса, құрылыстарға қауіп төндіріп, өрт пен материалдық шығынға келтіреді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23.06. № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің 250, 261 тармақтарына сәйкес - Өртке қарсы үзіктер шегіндегі елді мекендер мен ұйымдардың аймақтары уақытын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен және басқа жанғыш материалдардан тазартылуы тиіс. От жағу, қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуы тиіс. Қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған жерлерде өртеу қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргізілуі керек.

Тұтануға жол бермеу, сонымен қатар меншікті өрттен қорғау, қалдықтар мен қоқыстарды арнайы жерге шығару – біздің жалпы міндетіміз, сондықтан оны орындауымыз қажет! Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда

 

16 апреля 2024
Смартфондағы ХҚКО: мобильді қосымша маңызды құжаттарды рәсімдеуге қалай көмектеседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «ХҚКО» мобильді қосымшасының бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және маңызды құжаттарды рәсімдеу жолдарын айтып берді.

         Қосымшаның қызметі бірнеше сервистен тұрады. Клиент ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге және QR-кодтың көмегімен талон ала алады, бұдан басқа ХҚКО-лардың жұмыс уақыты мен мекенжайларын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады.

         "Жұмыс принципі қарапайым, қызмет алушы оператормен бейнеқоңырау арқылы байланысады, ал қажетті құжаттарды мессенджерлерде хат алмасу кезіндегідей жібереді. Қосымшаны пайдалану үшін Биометрия және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы кіру қажет. "ХҚКО" мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore - дан жүктеуге болады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО  бойынша филиалы.

         Айта кетейік, жыл басынан бері филиал 2759 қоңырау қабылдап, ЭЦҚ алуға 1952 өтінім растады.

 

 

29 февраля 2024
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына алаяқтықпен күресудің жаңа әдістері енгізілді

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

«Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен  сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап,  ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микро құлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

 
 

       

29 февраля 2024
Қазақстанда бұдан былай БЖТ жұмыс істемейді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салықты қалай төлеуге болады?

Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдан 2023 жылға дейін жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсеткен өзін — өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлем бес жылға енгізілгенін еске салды.
Қазір азаматтар ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын өздері төлей алады — 4250 теңге. Осылайша олар ауруханаға көмек сұрай алады, деп түсіндірді МКК.
МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер мен көп балалы аналар босатылады. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жалғастырса, онда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық салу режимін таңдауы керек:
патент-салық ставкасы 1 %;
жеңілдетілген декларация-салық ставкасы 3 %;
бөлшек салық режимі-4% мөлшерлеме.
Сіз салық режимін e-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы таңдай аласыз, онда салық, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.

Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары — 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар — 2975 теңге, МӘМС жарналары — 5950 теңге).

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы