
Денсаулық саласы бойынша жалпы саны 11 адам халыққа қызмет көрсетеді. Боран амбулаториясы: Боран, Жиделі, Оң Жақ- Қалжыр, Игілік, Шеңгелді ауылының тұрғындарына алғашқы және жедел медициналық көмектерді көрсетеді. Сонымен қатар есепте тұрған 280 азаматтарға жылына бір рет мемлекет тарапынан бөлініп берілген тегін дәрі-дәрмектер беріліп отырады. 1200 адам дәрігер қабылдауында болып медициналық көмек көрсетілді. 2023 жылы жедел көмек көрсетуге мұқтаж болған азаматтар 450 адамды құрады. Сонымен қатар жыл көлемінде міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру бойынша округ тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы округ бойынша 27 бала туылды. 8 адам қайтыс болды.