GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 мая 2026
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік                            дереккөздердің                            мәліметінше (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-send- phishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateley-

apple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshenniki-

vshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда.

Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын                                                 пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.

Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.

Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:

  • құрылғыға қашықтан   қол   жеткізуге   арналған   бағдарламаларды

орнатуды ұсынады;

  • құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
  • шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық тәсілдерді пайдаланады.

Цифрлық     қауіпсіздіктің      қарапайым     шараларын     сақтау

ұсынылады:

  • күмәнді сілтемелерге   өтпеу   және   хаттағы   нөмірлерге  қоңырау шалмау;
  • сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
  • бөгде бағдарламаларды орнатпау;
  • екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Осындай    хабарламаларды   алған   жағдайда   дереу   ресми    қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.

25 апреля 2024
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу:

зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.

2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 623,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27,9% немесе 136,2 млрд теңгеден аса мөлшерге артық.  Атап өтейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 20,2%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 22,1%, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 41,2% өсім көрсетті.

Отандастарымыздың жинақтарының 96,6% МЗЖ есебінен қалыптастырылған. Оның көлемі 01.04.2024ж. 18,2 трлн теңгеден асты (жыл ішіндегі өсім – 22,3%, жыл басынан бері-5,5%). МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 599,7 млрд теңге болып, жыл ішінде 25,8%, ағымдағы жылдың басынан бастап 5,5% ұлғайды. Ең жоғары өсімді (жылына 49%, жыл басынан бері - 11,3%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі 5,9 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде.  2024 жылдың 3 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 37,5 млрд теңге болды.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті.

Ағымдағы жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер түріндегі шығыс ағындар шамамен 193 млрд теңге болды. Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) құралған – шамамен 83,7 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,4 есеге көп.

Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер - шамамен 44,6 млрд теңге. 

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 13 млрд теңге, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 7,7 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 790,3 млн теңге, жерлеуге төлемдер - 2,5 млрд теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 40,8 млрд теңге аударылды.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) - 33 985 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 082 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 12,4 млн бірлікке тең, оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 671,1 мың - МКЗЖ бойынша, 409,8 мың - ЕЗЖ бойынша.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ және өзге де түсімдер туралы мәліметтер ескерілетін БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 2024 жылғы 1 сәуірде 3,4 млн бірлік болды.

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.   

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

24 апреля 2024
Сәйкес сандар датасы: Өскеменде 70-ке жуық неке тіркелді

Сәйкес сандар датасы: Өскеменде 70-ке жуық неке тіркелді

          "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалында 2024 жылдың 24 сәуірінде жылдың төртінші сәтті, әдемі күнінде 67 жұп жас жұбайлар үйленді.

         "Жас жұбайлар үшін үйлену күні әдетте өте маңызды.Сәтті, әдемі күндердегі  үйлену тойы көптеген жылдар бойы бақытты өмірді уәде етеді деген ұғым бар. Биыл әр айдың 24-ші күні сәтті, әдемі күн болып саналады", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның АХАТ басқармасының басшысы Әлия Крықпаева.

         Еске салайық, некеге тұруға ниет білдірушілер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күні жасалуы керек. Өтінім берген кезде салтанатты жағдайда өткізуін немесе өткізбеуін таңдай алады.

         Айта кетейік, соңғы рет некені тіркеу рәсімі 24 ақпан – 24.02.2024 жылы некені заңдастырғысы келетіндерге ерекше сұранысқа ие болды. Бұл күні 15 жұп тіркелді.

23 апреля 2024
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.  А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.

"Азаматтарға арналған үкімет" барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.

Жаңартылған ережелердің толық мәтінімен порталда танысуға болады:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034240


 

22 апреля 2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

  1. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын кім толық көлемде, ал кім ішінара пайдалануға құқылы? Ол үшін не істеу қажет?

 

Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнет жасына толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға (өзі, пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы) БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді.

Сондай-ақ, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалана алады, атап айтқанда:

- әскери қызметшілер;

- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

- мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 25 жыл еңбек еткен және қызметтен босатылған кезде заңнамада белгіленген шекті жасқа толған өзге де адамдар.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі Әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге, ал емделу ақысын төлеу үшін - тек Отбасы банкіне жүгіне алады.

Сонымен қатар, өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан, сол арқылы ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде қамтамасыз ете алатын қазақстандықтар тұрғын үйге және емделуге өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға құқығы бар тұлғалардың толық тізімі және бұл үшін қажетті құжаттар топтамасы Қордың ресми сайтында да көрсетілген.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алатынын хабарлаймыз. Тек мұндай адамдардың:

- зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын болуы керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының сомасы мен белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауға тиіс;

- БЖЗҚ-да жинақтары бар, қазіргі кезде зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және/немесе емделуге қалған сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Бірақ олардың жиынтық зейнетақысы (жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда) бұрын алған жалақысының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алады.

 

  1. БЖЗҚ-дағы ұзақ уақыт бойы талап етілмеген жинақтардың тағдыры қалай шешіледі? Ол қаржы қандай жағдайларда мемлекет кірісіне айналуы мүмкін?

 

Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде Алушының қайтыс болуына (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Осылайша, мұра иесіз мүлік деп мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші негізінде сот шешімі бойынша ғана танылуы мүмкін.

 

  1. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру ережелері қандай? Мен жаңа ережелерге сәйкес, жинағымның қаншалықты көлемін аудара аламын?

 

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) салымшылары, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) аударылған жеке тұлғалар ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару құқығын төменде көрсетілген мөлшерден аспайтын сомада пайдалана алады:

- МЗЖ салымшысының, пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның ИПБ таңдау (өзгерту) туралы өтініші түскен күні жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызы шегінде. Кейіннен басқа ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген кезде зейнетақы жинақтарының көлемі ИПБ-ның инвестициялық кірісі қоса есептелген, бұрын берілген зейнетақы жинақтарын ескере отырып айқындалады (өтініш беру зейнетақы жинақтары ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап жылына бір рет қана жүргізіледі);

Немесе

- сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың ЖЗШ-дағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайтын көлемде;

- ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге болатын ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы ЕЗЖ-ны есепке алатын ЖЗШ-да қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасынан аспайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудармай тұрып, нарықтағы ИПБ-лардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды зерделеу қажет, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі мен жұмыс нәтижелері туралы толығырақ білген дұрыс. ИПБ-лар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын https://www.enpf.kz/ сайтындағы Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінен біле аласыз. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

 

           Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына тек 1 рет аударуға болатынын атап өтеміз. Егер сіз жинақтарыңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда бұл ойыңызды зейнетақы жинағыңызды ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап тек 1 жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.  

Бұл ретте, егер зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтінішке сәйкес бір ИПБ-ға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш берген күннен бастап тек бір жыл уақыт өткен соң ғана жүзеге асырылады.

 

  1. Қазақстан Республикасының қай санаттағы азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

            Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. БЖЗҚ Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерге сұранысты дербес жасай алады.

Зейнетақы жинақтары төлеміне өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурсы, сондай-ақ пошта байланысы арқылы беруге болады.

 

  1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметкерлерінің еңбек өтілін қалай растауға болады? Оны БЖЗҚ-ға хабарласу арқылы жасауға бола ма?

 

2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі – ҚР) еңбекшілердің жұмыс өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитеті және оның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылға дейін жинаған еңбек өтілін растау бөлігінде;

2) БЖЗҚ-ның аумақтық бөлімшелері - 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жиналған еңбек өтілін растау бөлігінде (міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы ақпараттық жүйенің деректері бойынша).

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) интеграцияланған жүйесін пайдалануға көшкенге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл Өзара іс-қимыл тәртібінің[1] 3-тармағында көзделген нысандармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттармен алмасу арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылды.

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жинаған еңбек өтілін растау мақсатында, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өтініш білдірген тұлға үміт артып отырған зейнетақыға құқықтың пайда болуы үшін ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттің құзыретті органы ҚР жоғарыда аталған құзыретті органдарына осындай адамдарға қатысты жұмыс өтілі кезеңіне байланысты жұмыс өтілі туралы "Сұраныс" нысанын жіберуі қажет.    

[1] Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 122 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің нормаларын қолдану жөніндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, құзыретті органдары және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі

 

22 апреля 2024
Қоқыстарды өртегенде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!

Қоқыстарды өртегенде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!

 

 

Өрт бүгінгі күнге дейін ең қорқынышты апаттың бірі болып табылады. Жылы жазғытұрымғы күндердің шығуымен ауыл және қала тұрғындары жеке тұрғын аулаларына, ұйымдардың аумағына және көшелерде белсенді жинастыру жұмастарын бастайды.

Арнайы қашықтатылмаған жерлерде от жағу, қалдықтар мен қоқыстарды өртеу қауіптілігі жоғары ма? Мағлұматсыз көпшілікте осы сұрақ тан қалуын туғызады: «Қандай өрт қауіптілік? Барлығы өз қоқыстарын өртейді ғой! Соңында тұрғын халық мыс сақадай-сай! Кез келген жануларды өз күшімен сөндіруге дайынбыз!». Бірақ көбі қателеседі.

Жаңғыш материалдардан салынған құрыстырдың маңындағы бақылаусыз жанып жатқан қалдықтар мен қоқыстар, олардаң шыққан шоқтар, бір кішкентай жел соқса, құрылыстарға қауіп төндіріп, өрт пен материалдық шығынға келтіреді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23.06. № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің 250, 261 тармақтарына сәйкес - Өртке қарсы үзіктер шегіндегі елді мекендер мен ұйымдардың аймақтары уақытын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, құрғақ шөптен және басқа жанғыш материалдардан тазартылуы тиіс. От жағу, қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан 50 м кем болмайтын арақашықтықта іске асырылуы тиіс. Қалдықтар мен қоқыстарды, ыдыстарды осы мақсат үшін арнайы қашықтатылған жерлерде өртеу қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамының бақылауымен жүргізілуі керек.

Тұтануға жол бермеу, сонымен қатар меншікті өрттен қорғау, қалдықтар мен қоқыстарды арнайы жерге шығару – біздің жалпы міндетіміз, сондықтан оны орындауымыз қажет! Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда

 

 

Күршім ауданы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты                                        А.А. Кусаинов

 

 

 

 

 

16 апреля 2024
Газ құрылғыларынын тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері

Күршім ауданының ТЖБ-і аудан аумағы бойынша газ құрылғыларынын тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері таныстыру мақсатында рейд ұйымдастырылды.
Атап айтқанда аудандық №30 өрт сөндіру бөлімінің қарауылдық қызмет атқарудан бос қызметкерлері және төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерімен бірлесіп жеке тұрғын секторларында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырылды. Өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізу мақсатында аудан тұрғындарына келесі  газ тұрмыстық аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен таныстырылды:

- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға және оларға мектепке дейінгі жастағы балаларды жіберуге;;

- үй-жайларды жылыту үшін немесе киімді кептіру үшін газ плиталарын пайдалану;

- газдың ағып кетуін анықтау үшін ашық отты қолдану;

- газ жабдығы орнатылған бөлмелерде демалуға және ұйықтауға;;

- газ баллондарын пештің оттық есігінен 2 м жақын орналастыру.

 

16 апреля 2024
Смартфондағы ХҚКО: мобильді қосымша маңызды құжаттарды рәсімдеуге қалай көмектеседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «ХҚКО» мобильді қосымшасының бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу және маңызды құжаттарды рәсімдеу жолдарын айтып берді.

          Қосымшаның қызметі бірнеше сервистен тұрады. Клиент ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге және QR-кодтың көмегімен талон ала алады, бұдан басқа ХҚКО-лардың жұмыс уақыты мен мекенжайларын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады.

          "Жұмыс принципі қарапайым, қызмет алушы оператормен бейнеқоңырау арқылы байланысады, ал қажетті құжаттарды мессенджерлерде хат алмасу кезіндегідей жібереді. Қосымшаны пайдалану үшін Биометрия және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы кіру қажет. "ХҚКО" мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore - дан жүктеуге болады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО  бойынша филиалы.

          Айта кетейік, жыл басынан бері филиал 2759 қоңырау қабылдап, ЭЦҚ алуға 1952 өтінім растады.

 

22 февраля 2024
Қазақстандықтарға жылжымайтын мүліктеріне қатысты өзгерістер жайлы хабарлама келетін болады

Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы азаматтарды хабардар ету үшін цифрлық сервисті әзірледі.

Енді қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлікке салынған ауыртпалықтар,  шектеулер, заңды талаптар туралы, сондай-ақ электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі қате мәліметтерді түзету туралы хабарламалар алатын болады. Айтпақшы, енгізілген өзгерістер туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде сақталатын болады.

Азаматтар өздерінің жылжымайтын мүліктеріне қатысты мемлекеттік құқықтық кадастрда жасалған барлық әрекеттерді көре алады.  Хабарламалар eGov.kz сайтынан хабарламалар мен PUSH хабарландырулары мен бірге жүретін болады. Жаңашылдық  «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» ақпараттық жүйесін енгізу барысында жүзеге асырылатын процестерді автоматтандыру аясында әзірленді.

Хабарламаларды жіберу сервисін енгізу азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін, қабылданатын барлық әрекеттерді бақылауды және ақпаратқа жылдам қол жеткізудің қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.

22 февраля 2024
Кейбір қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыруды мемлекет 2025 жылдан бастап төлейді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі
бұл жерде бізде С және D санаты бар, онда да тәуекелдер бар, бірақ көлеңкелі экономиканың жеткілікті жоғары үлес салмағын ескере отырып, бұл мәселе жалпыға бірдей декларациялау кезеңімен үндестірілуі мүмкін", – деп толықтырды Альназарова. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен жылы отбасылардың әл-ауқатын анықтау әдістемесі бекітілген болатын. Әр түрлі көрсеткіштерге, соның ішінде табыс деңгейіне, мүліктің болуына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үй жағдайына байланысты отбасылар бес санатқа бөлінді: А – қолайлы деңгей; B – қанағаттанарлық деңгей; С – қанағаттанарлықсыз деңгей; D – дағдарыс деңгейі; E – төтенше деңгей. "Электрондық үкіметтің" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. МӘМС жарналарын үнемі төлейтін және "сақтандырылған" мәртебесі бар азаматтар медициналық қызметтердің неғұрлым кең тізбесін қосымша төлемей-ақ ала алады."Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен шұғыл, сындарлы әл – ауқаты бар адамдар сақтандырумен қамтамасыз етілетін болады", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. Кейін министр Ақмарал Әлназарова азаматтардың осы санатына кім кіретінін түсіндірді. "Табысы өте жоғары халықты медициналық көмексіз қалдыруға болмайды, қазір біз бұл мәселеге қатты таң қалдық. Өткен жылы сіздер білесіздер, әлеуметтік кодекс қабылданды және отбасының цифрлық картасы енгізілді. Өткен жылы отбасының цифрлық карталарын толтыру болды, ал бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы біз табысы рұқсат етілгеннен төмен отбасылардың санаттарын көреміз. Жалпы, бүкіл халық бес санатқа бөлінеді. Біз Е санатын аламыз. бүгін оның ресми мәліметтері бойынша 192 мың адам бар. Осы санат үшін біз жергілікті атқарушы органдар төлеуі тиіс сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін белгілеуді жоспарлап отырмыз.Денсаулық сақтау министрлігінің алқасында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова 2025 жылдан бастап бюджет есебінен әл-ауқатының сыни деңгейі бар адамдарды сақтандыруды қамтамасыз ету жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды корреспондент NUR.KZ.На коллегии Минздрава глава ведомства Акмарал Альназарова заявила о планах с 2025 года обеспечивать страхование лиц с критическим уровнем благополучия за счет бюджета, передает корреспондент NUR.KZ. Читайте больше: https://www.nur.kz/health/healthcare/2062449-s-2025-goda-medstrahovku-dlya-nekotoryh-kazahstantsev-oplatit-gosudarstvo-zayavili-v-minzdrave/
На коллегии Минздрава глава ведомства Акмарал Альназарова заявила о планах с 2025 года обеспечивать страхование лиц с критическим уровнем благополучия за счет бюджета, передает корреспондент NUR.KZ. Читайте больше: https://www.nur.kz/health/healthcare/2062449-s-2025-goda-medstrahovku-dlya-nekotoryh-kazahstantsev-oplatit-gosudarstvo-zayavili-v-minzdrave/
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы