«Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің 2024 жылғы есебі
2024 жылы 4 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 2 қызмет, заңды тұлғаларға – 2.
Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, қағаз түрінде мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілген жоқ.
Электрондық түрде: 4 қызмет (жеке тұлғаларға – 2 қызмет, заңды тұлғаларға – 2), оның ішінде: электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 0; электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ веб-порталы арқылы - 4 қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға – 2, заңды тұлғаларға – 2.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қағидаларының 41-тармағына сәйкес бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 1 ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ішкі бақылау шарасының қорытындысы бойынша аппарат қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді (мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінде бекітілген жұмыс кестесі қатаң сақталады, сапалы қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінде уәжді бас тарту болған жағдайда тыңдалым хаттамасы толтырылады).
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және электрондық түрге көшіру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес әкімшілік аппаратымен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыларға олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы ақпарат
2024 жылы 1 негізделген бас тарту тіркелді (1 – заңды тұлға), оның ішінде: электрондық түрде – 1, қағаз түрінде – 0, Мемлекеттік корпорация арқылы-0, ақпараттық жүйелер арқылы- 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есепті кезеңде қаралған шағымдар, олардың саны, себептері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат
2024 жылғы «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың атынан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен тұлғалар туралы ақпарат
Әкім аппараты бойынша 2024 жылы біліктілік курсынан өткен тұлғалар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шаралары туралы ақпарат
Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдары тұрақты негізде электрондық нысанда қызметтер көрсетуді (БАҚ-та электрондық қызметтерді танымал ету, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер тарату, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу және т.б.) танымал ету жөнінде шаралар қабылдайды. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары арқылы 2024 жылы 186 қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша заңнаманы сақтау, бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.