GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
01 июня 2026
Об государственной услуги «Изменение целевого назначения земельного участка»

Уважаемые услугополучатели!

​Государственная услуга «Изменение целевого назначения земельного участка» осуществляется в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан. ​

🏡 Изменение целевого назначения земельного участка производится в случаях, когда собственник земельного участка или землепользователь планирует использовать его в целях, отличных от ранее установленного назначения. ​

📲 Способы подачи заявления: ​Через портал eGov.kz (в системе ЕГКН); ​Через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (ЦОН); ​Путем обращения непосредственно в местный исполнительный орган (акимат). ​💻 ПРОСТЫЕ ШАГИ для подачи заявления через eGov.kz и ЕГКН (согласно схеме на image.png):

​1. Вход и авторизация ​Перейдите на сайт egov.kz. ​Авторизуйтесь в системе с помощью ЭЦП (электронной цифровой подписи), СМС-кода или QR-кода через приложение eGov Mobile.

​2. Поиск услуги в ЕГКН ​Найдите раздел «Недвижимость» \rightarrow «ЕГКН» \rightarrow «Выдача решений». ​Либо введите в строке поиска: «Изменение назначения».

​3. Оформление заявления ​Заполните данные о земельном участке. ​Загрузите необходимые документы в систему. ​

4. Подписание и отправка ​Подпишите готовое заявление своей ЭЦП. ​Отправьте заявку и ожидайте результата. ​

📂 Документы, прилагаемые к заявлению: ​Документ, удостоверяющий личность (удостоверение личности / ID-карта); ​Правоустанавливающие документы на земельный участок; ​Идентификационный документ на земельный участок (Акт); ​Схема (при необходимости); ​Другие дополнительные документы в зависимости от запрашиваемого целевого назначения. ​

🔍 При рассмотрении заявления учитываются следующие факторы: ​Соответствие градостроительной документации; ​Генеральный план населенного пункта; ​Проекты детальной планировки (ПДП); ​Санитарные, экологические и строительные нормы; ​Наличие или отсутствие ограничений и обременений (залог, арест) на земельный участок.

​✅❌ По результатам рассмотрения: ​Принимается решение о разрешении на изменение целевого назначения земельного участка; ​Либо принимается решение об отказе с указанием конкретных причин, предусмотренных законодательством. ​⏱ Срок оказания государственной услуги: определяется в соответствии с действующими стандартами государственных услуг и зависит от категории земельного участка, а также от необходимости проведения согласовательных процедур. ​⚠️ Дополнительно сообщаем: Использование земельного участка не по целевому назначению является нарушением земельного законодательства Республики Казахстан и влечет за собой административную ответственность!

 
19 мая 2026
«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

«Жалған iPhone сатып алу: алаяқтықтың жаңа схемасы»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

               Шетелдік                            дереккөздердің                           мәліметінше

(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/appleaccountchangealertsabusedtosendphishingemails/ https://itspeaker.ru/news/khakeryatakuyutpolzovateley

apple/ https://securitymedia.org/news/list/appleprevratilivfishingretranslyatormoshenniki

vshivayutprimankuvlegitimnyeuvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда. 

Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.

Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.

Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:

  • құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатуды ұсынады;
  • құпия деректерді, соның ішінде парольдерді сұратады;
  • шұғыл және қауіп-қатер сезімін тудыра отырып, психологиялық тәсілдерді пайдаланады.

Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу және хаттағы нөмірлерге қоңырау шалмау;
  • сатып алу туралы ақпаратты тек ресми сервистер арқылы тексеру;
  • бөгде бағдарламаларды орнатпау;
  • екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.

 

17 апреля 2026
ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Мердігер ұйым «ОблШығысЖол» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес, «Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды» автомобиль жолының 28-33 шақырымы аралығында, Сайлыбай учаскесі, қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жол бөлігін нормативтік жағдайға келтіру мақсатында 15 маман және арнайы жол техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, жұмысқа 2 экскаватор, 1 тиегіш, 7 самосвал және ГАЗ-66 автокөлігі тартылған. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда жол жамылғысын қалпына келтіру және тегістеу жұмыстары орындалуда. Негізгі кезеңдер аяқталғаннан кейін жол жабындысының сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Аталған учаскедегі жұмыстар басқарманың тұрақты бақылауында.

10 марта 2026
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу

2026  жылы 15 наурыз - референдум.

Жаңа  Конституция  бойынша  түсіндіру  жұмыстары  аясында  "Есіктен  есікке"  акциясы  өткізілді.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! 

әкімнің халықпен кездесуі
16 января 2026
Күршім ауданының әкімі М.Альбековтың Абай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

 Күршім  ауданының  әкімі  М.Альбековтың  Абай  ауылдық  округі 

тұрғындарымен  кездесуі

        2026  жылдың  15  қаңтары  күні  Күршім  ауданының  әкімі  М.Альбеков  Абай  ауылдық  округіне  қарасты  Қойтас,  Бурабай  ауылдарында  Күршім  ауданының  әлеуметтік-экономикалық  дамуы,  2025 жылдың  қорытындысы  бойынша  ауыл  тұрғындарымен  кездесті.   Кездесу  барысында  атқарылған  жұмыстарға тоқталып, алдағы  жоспарларымен  бөлісті. 

       Сондай-ақ,  ауыл  тұрғындарының  қойған  сұрақтарына  толыққанды  жауаптары  берілді.

01 декабря 2025
"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "ШҚО Күршім ауданы Абай ауылдық округ әкімінің  аппараты" мемлекеттік  мекемесі  ғимаратында "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында  "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.

Жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс күндері.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

22 сентября 2025
Әдептілік – халыққа құрметтің, мемлекетке адалдықтың көрінісі.

Әдептілік – халыққа құрметтің, мемлекетке адалдықтың көрінісі.

            Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  2025  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  қоғамдағы  мәдениет  пен  әдеп  мәселелеріне  ерекше  тоқталып: «Мәдениет  пен  әдеп  -  әрбір  азаматтың,  әр  отбасының  өзінен  басталуы  тиіс»-деп  атап  өтті.

           Осыған  байланысты,  мемлекетік  қызметшілердің  қызметтік  әдебін  нығайту,  әдеп  нормаларын  қатаң  сақтау,  қоғамға  үлгі  болу  барлық  мемлекеттік  қызметшілердің  тікелей  міндеті  болып  табылады.

          Мемлекеттік  қызметшілердің  кәсіби  болмысын  айқындайтын  әдеп  қағидаларын  ұстану – азаматтардың  сенімін  нығайтып,  мемлекеттік органдардың  беделін  арттырудың  басты  тетігі.

         Осы  мақсатта,   «Күршім  ауданы  Абай  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  қызметкерлерімен  «Мемлекеттік  қызметшінің  әдебі  жөніндегі»  жадынама  талаптары  талқыланып,  түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді.

 

 

 

07 августа 2025
Бурабай ауылында көше шамдары орнатылды

Күршім ауданы Абай  ауылдық  округінің  Бурабай  ауылының  Ұлан, Абай, Жағалау  и  Барак батыр  көшелеріне 178  баған көше шамдары орнатылып, бүгінгі  таңда  толық  іске  қосылды. Ауыл  тұрғындары  ризашылықтарын  білдіруде. 

30 июля 2025
"Таза  Қазақстан"  акциясы

Республикалық экологиялық "Таза  Қазақстан"  акциясы  аясында  тазалық  жұмыстары  жүргізілді.

"Таза  Қазақстан" акциясына  қосылуға  шақырамыз. Бірігіп,  ауылымызды  көркейтіп,  таза  ұстайық.

27 мая 2025
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді  қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.

«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.

Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы