МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БОЙЫНША SCRUM- КЕЗДЕСУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БОЙЫНША SCRUM- КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Катонқарағай ауданы әкімінің кеңесшісі, «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ауылдвқ округ әкімдіктерінің жауапты мамандарымен  SCRUM-кездесу өткізді.

Кездесу барысында, жаңадан бекітілген мемлекеттік қызметтер тізімі, есеп беру тәртібі және электрондық қызметтердің үлесін арттыру мәселелері қарастырылды.

Бүгінгі күні Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 65 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, олардың 5-уі ауылдық округ әкімінің құзыретіндегі

жер қатынастары, сәулет және құрылыс салаларындағы қызметтер.

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету барысында бекітілген мерзімді және бизнес- процесті сақтау маңыздылығы атап өтілді.