«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шілде айындағы жұмыс қорытындысы

«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шілде айындағы жұмыс қорытындысы

Бүгін аудан әкімі Д.Қалиқанның төрағалығымен өткен аудандық әкімдік отырысында аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нурпеисова «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шілде айындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндама жасады.
Баяндама барысында, жобалық кеңсенің мониторинг қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау, сұратылған мәліметтерді уақтылы және сапалы ұсынуы туралы ақпарат, сонымен қатар, ҚР Әкімшілік Кодексінің мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы бабы бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, аудан әкімінің кеңесшісі аудан әкімі және оның орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларының, жеке қабылдаулар өткізу барысында келіп түскен өтініштердің орындалуы туралы талдау нәтижелерін атап өтті.
Әкімдік отырысында, күн тәртібіне сәйкес, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы, бизнесті жүргізудің жеңілдігі рейтингісінің көрсеткіштері, от жағу маусымына дайындық барысы туралы мәселелері қаралды.