Вакцинация паспорттарын заңсыз сату деректерін анықтау бойынша күнделікті мониторинг

Вакцинация паспорттарын заңсыз сату деректерін анықтау бойынша күнделікті мониторинг

«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.
05.08.2021 жылғы жағдай бойынша 7975 адамның ішінен вакцинаның 1 компонентін 7288 немесе 91 %, 6725 адамның ішінен вакцинаның 2 компонентін 6052 немесе аудан халқының 90% алды.
Жобалық кеңсенің басшысы Д.Нурпеисова орталық аудандық аурухана басшылығына және қызметкерлеріне жалған құжаттарды дайындау және пайдалану үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсінік берді.
Айта кету керек, жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Азаматтарға үндеу: өзіңізді қылмыстық процеске қатыстыруға жол бермеңіз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды осыдан қорғаңыз. Вакцинация үшін қарсы көрсетілімдер болған жағдайда медициналық мекемелерге жүгіну қажет.
Қазіргі уақытта ауданда вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілері тіркелген жоқ.