
«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Баубекованың, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы С.Шишкинаның қатысуымен бірінші қажеттіліктегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылдың басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 7-і бойынша бағасы 20% - дан астамға өсті.
2021 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша азық – түлік тауарларына айлық бағаның өсуі 0,7%, жылдық-11% құрады.
Мониторингке сәйкес 2021 жылдың 27 шілдесі мен 3 тамызы аралығында 19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдері ай басынан бастап 0,1% - ға және жыл басынан бастап бірден 10,3% - ға өсті.
Қазіргі уақытта аудан бойынша азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы:
- сәбіз-276 теңге;
- картоп-180 теңге;
- пияз-167 теңге;
- орамжапырақ -204 теңге;
- бидай ұны (бірінші сұрыпты) - 157 теңге;
- ақ қант (құм) - 374 теңге және т. б.
Мониторинг барысында сауда объектілерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеру фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.