
Ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы диалог сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын проблемалық салаларды және қоғамның наразылық көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Күнделікті мәселелерді шешу және сындарлы диалог құру үшін халықтың өз құқықтарын ең аз білуі және экономикалық немесе техникалық салада білімді болуы қажет.
Осыған байланысты Агенттік адам құқықтары жөніндегі сарапшы, Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омаровамен бірлесіп "волонтер жылы" шеңберінде жыл басынан бері «ADAL KÓMEK» волонтерлік жобасы жұмыс істейді.
Жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі адамдар сапалы қызмет көрсету үшін қажетті қызметтердің болмауына байланысты заңды тұрғыдан аз қорғалған.
Халықтың жекелеген өкілдерінің осы өмірлік маңызды қажеттілігін ескере отырып, «Adal kómek жобасы шеңберінде сурдоаударма бойынша маманды шақыра отырып, ымдау тілінде құқықтық кеңес беру іске қосылды.
Аталған шара мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін заңсыз әрекеттерден қорғауына және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз құқықтарын дербес немесе білікті заңгердің көмегімен қорғауға мүмкіндік берді.
Мұндай тәсіл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының іске асырылуы және мемлекеттік аппараттың азаматтардың барлық санаттарының сұраныстарына деген сезімталдығын арттыру жөніндегі одан арғы қадам болып табылады.
«ADAL KÓMEK» жобасы аясында апта сайын «Катонқарағай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында 4 тікелей эфир өткізілді.