Меню

Страницы

Статья

Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанның «Катонқарағай ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және  2022 жылға арналған жоспарлары туралы»  халық алдындағы  есеп беру баяндамасы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі. Өткен жылы Катонқарағай ауданы  әкімдігі тарапынан атқарылған барлық жұмыстар «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыруға бағытталды.

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы жыл сайынғы есептері елдің қоғамдық - саяси өмірін одан әрі демократияландырудың маңызды буыны ғана емес, сонымен қатар атқарушы биліктің халықпен жемісті диалогының орны, оның көптеген проблемалық мәселелерді шешуде жауапкершілігін арттыру құралы болып табылады.

Халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында барлық  13 ауылдық округте тұрғындардың сұрақтары, ұсыныстары, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған жәшіктер қойылды. Өткен жылы осындай жәшіктерге келіп түскен барлық өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілді. 

Әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға жыл басынан бері 1000-нан аса азаматтан өтініш келіп түсті. Сұрақтардың көбі тұрғын-үй қатынастарына, ауыз су мәселесіне,  интернет байланысын жақсартуға, жол жөндеу мәселесі бойынша, мобильді байланыс жүйесін іске қосуға қатысты болды. Барлық сұрақтар қаралып, жауаптар берілді.

Барлығыңыз білетіндей ауданымызда «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасайды. Өткен жылы жобалық кеңсеге 162 адам келіп, мәселелері оң шешімін тапты. Мен, менің орынбасарларым, дербес бөлім басшылары жобалық кеңседе тұрақты түрде азаматтарды қабылдау жүргіземіз.

2021 жылғы көрсеткіштерге тоқталатын болсақ:  ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 43,9 млрд.теңгеге жетіп, өсу қарқыны 125,7% - ды құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2,2 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі-100,1% көрсетті.

6,8 млрд. теңге сомасында инвестициялар тартылып, өсім 119,4% құрады. 129,9% өсіммен 5,4 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, нақты көлем индексі 125,3% - ды құрады.

Ауданда 2228 шағын орта кәсіп субъектісі жұмыс істейді, өсім 102,7%. Бөлшек тауар айналымының көлемі 113,5% өсіммен 6,4 млрд.теңгеге жетті. Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 2,2 % есеге артып, 7,4 мың шаршы метрді құрады.

Агроөнеркәсіптік кешен

Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 740,5 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде: - өсімдік шаруашылығын дамытуға – 127,7 млн. теңге бөлінді.

- мал шаруашылығын дамытуға - 69,6 млн теңге бөлінген.

инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша 543,2 млн. теңге бөлінді (ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу шығындарын ішінара өтеу үшін).

Ағымдағы жылдың қолайсыз табиғи-климаттық жағдайына қарамастан, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды уақтылы аяқтады. Егін жинау алаңы 48,5 мың га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 18,5 мың га және майлы дақылдар 30,0 мың га.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі бір гектардан 16,7 центнерді құрады, нақты көлемдегі жалпы өнім 29,9 мың тоннаға жетті.

Майлы дақылдар 30,0 мың га алқапта жиналып, орташа өнімділік 19,8 центнер/га құрады, жалпы өнім 65,4 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда  4,3 мың тоннаға артық.

 «Калинина» ЖШС –ның директоры М.Сайлаубаев өз қаражаты есебінен 170 млн. 700 мың теңгеге «Лимузин» шетелдік селекциясының асыл тұқымды 100 тайынша, 16 бұқа сатып алынды. 

Мал мен құс етін тірі салмақта өндіру 2,2% - ға, сүт 5,6% - ға, жұмыртқа 8,5% - ға өсті.

Ауданның 11 марал шаруашылығында 2980 бас  марал мен теңбіл бұғы бар. Жыл сайын 4 тонна шикі немесе 2 тонна консервіленген панты өндіріледі. Ауданда 343 ара шаруашылығында жыл сайын 350-400 тонна көлемінде  бал өндіріледі. Жыл сайын ауданның 70 шаруа қожалығында 4560 тоннадан астам қымыз өндіріледі.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен инфляция деңгейін тұрақтандыру мәселелеріне ұдайы көңіл бөлінуде.

Жер учаскелерін беру туралы

2019 жылғы ҚР Жер кодексіне ғарыштық мониторингті қолдана отырып, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілді.Қазіргі уақытта, жер қатынастары бөлімі Qoldau веб-порталында қалыптастырылған жерді пайдаланбайтын немесе ұтымсыз пайдаланатын жер пайдаланушыларға тиісті  хабарламалар жіберіліп, ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қайтару процесі белгілі бір уақытты алатынын атап өтемін.

Естеріңізге сала кетейін, мониторинг қорытындысы бойынша белгіленген базалық салық мөлшерлемелері пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне 10 еселенген мөлшерде ұлғайтылатын болады.

Өткен жылы аудандық бюджеттен 5,1 млн. тенге қарастырылып  Катонқарағай, Шыңғыстай, Жаңа Үлгі, Көкбастау, Жұлдыз ауылдарының шекараларын бекіту жұмыстары жүргізілді. Бұл дегеніміз ауыл тұрғындарының  қосалқы шаруашылықтарындағы малдарын әсіресе, жаз маусымында сауын сиырларын  еркін жаю үшін жасалып отырған бірден-бір қадам болып табылады.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласын дамытуда белсенді жұмыс жүргізілуде, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде бизнес жобаларды іске асыру қамтамасыз етілді, онда 3 жоба (34,7 млн.теңге) субсидияланды. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 7 жоба кепілдендірілді (24,9 млн.теңге).

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің жобалары бойынша гранттық қаржыландыруды іске асыру қамтамасыз етілді, 25,0 млн.теңгеге 5 өтінім мақұлданды. Өрел ауылында демалыс базаларын салу бойынша 1 млрд. теңгеге 3 жобаны, Берел ауылында кафе (Н. Раисов) салу–85,0 млн. теңгеге, Үлкен Нарын ауылында "Әлем Ойл" ЖШС ЖМҚС - 300,0 млн. теңгеге іске асыру қамтамасыз етілді;

Өрнек ауылындағы бос тұрған мектеп ғимараты жеке кәсіпкерге ("Серкенев К" ЖК) қарағай жаңғағын қайта өңдеу цехын ашу үшін сенімгерлік басқаруға берілді.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 2 жоба іске асырылды. (Қатонқарағай ауылында пластик және ағаш бұйымдарын өндіру қызметін кеңейтуге 20 млн.теңге несие алынды ("Хаба Проект" ЖШС), 20 млн. теңгеге профлист өндіру бойынша цех ашылды ("Строй Е" ЖШС))

Туризм

"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында ауданда емдеу-сауықтыру, экологиялық, ауылдық, мәдени-танымдық және белсенді туризм дамуда.

"Топқайың", "Катонқарағай резорт", "Приморск" атты 200 орындық 3 жаңа демалыс базасы ашылды. Биылғы жылы Өрел ауылындағы демалыс базасының, (Шаймарданов Г.Ш.), 4 жаңа шағын қонақ үйінің құрылысын аяқтау ("Қаратай", "Жақсылықов Ш", "Тенгри хаус", "Әсел") жоспарланған.

Туризмді дамытуға Катонқарағай ұлттық табиғи паркі үлкен үлес қосуда. Флора мен фаунаның алуан түрлілігі шоғырланған саябақ табиғи және мәдени ескерткіштерге бай. Бүгінде ұлттық паркте 14 туристік маршрут пен соқпақ жұмыс істейді.

Облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен Берел ауылында ауылдық туризмді дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылуда, Бизнестің жол картасы-2025 аясында гранттық қаржыландыру есебінен (В. В. Орлов Алтай Про ЖК (5 млн. теңге), "Еңбек" бағдарламасы бойынша 15 жеке кәсіпкер 8,7 млн. теңге көлемінде грант алды. "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қоры 18 жеке кәсіпкерге 9,0 млн. теңге грант берді.

Катонқарағай ауылында жұмыс істеп тұрған санаторлық-курорттық емдеу қызметін көрсететін "Ұзақ өмір сүру орталығы" бизнесін кеңейту бойынша жоба іске асырылды. (120 млн.теңге)

22 орынға арналған 2 қонақ үй, 13 орынға арналған 4 жазғы киіз үй кеңейтілді ("Жаксылыков Ш"ЖК); Катонқарағай ауылында кәдесый цехы ашылды ("Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" ҚҚ 3 млн. теңгеге грант берілді);

Сонымен қатар, облыс әкімі Д.Ахметовтың бастамасы бойынша бұрынғы аудан орталығын дамыту мақсатында Катонқарағай ауылында 10 шағын қонақ үй ашуға арналған бизнес жоспарлар әзірленді, оларды "Атамекен"кәсіпкерлер палатасы қолдады.

Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында жол бойындағы қызмет нысандарын дамыту және ауданның инфрақұрылымын дамыту мақсатында ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жаңа "Әлем-Ойл" автожанармай құю станциясы ашылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы ауданға 25 мыңнан астам турист келгенін атап өтуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Ауыл-Ел бесігі" жобасы өмір сүру жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымдық нысандарды өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес келтіруге бағытталған.

Катонқарағай ауданы бойынша осы жобалар іске асырылатын 5 тірек, 13 спутниктік ауылдар мен 2 шекара маңындағы елді- мекендерден тұратын тізбе ай-қындалды. 2019-2020 жылдары          5 тірек ауылда  2 459,8 млн.теңгеге 18 жоба іске асырылды (10,7 мың адамды немесе ауданның ауыл халқының 49,4% - ын қамтылды). 2 жыл ішінде 9 әлеуметтік нысан (4 – білім беру, 4 – денсаулық сақтау, 1 – мәдениет), 19 шақырым ауыл ішіндегі жолдар жөнделді. 160 уақытша жұмыс орны құрылды.

2021 жылы 4 тірек ауылда 10 жобаны іске асыруға 765,9 млн. теңге бөлінді:

 - 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Денсаулық сақтау саласында Қайыңды (11,5 млн. теңге), Қабырға (11,3 млн. теңге), Жаңа Үлгі (4,0 млн. теңге);

- Өрел және Топ-қайың ауылдарының жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын (5 км) және Өрел (206 тіректі ауыстыру), Топқайың (70 тіректі орнату) ауылдарын жарықтандыру жұмыс-тары жүзеге асырылды.

2021 жылдың қорыт-ындысы бойынша 8 жоба аяқталды, 2 жоба  2022 жылы аяқталады. (Катонқарағай ауылында спорт кешенінің құрылысы, Топқайың ауылында ауылдық клуб құрылысы).

 

Өңірлік даму

Халықтың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын жақсарту, экономиканың базалық салаларын, әлеуметтік саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында Катонқарағай ауданының 2020-2024 жылдарға арналған кешенді даму жоспары (бұдан әрі – кешенді жоспар) әзірленіп, бекітілді.

Жоспарда 26,7 млрд.теңгеге 237 іс – шара жоспарланған. Оның ішінде 20,8 млрд.теңге бюджет қаражатынан, 5,9 млрд. теңге жеке инвестициялар тарапынан іске асыру көзделген. Барлығы 2 жылда 13,3 млрд.теңге (2021 жылы-6,6 млрд. теңге) бағытталды.

Бұдан басқа, бұрынғы аудан орталықтарын дамыту Бағдарламасын іске асыру мақсатында  жалпы көлемі 4,7 млрд.теңге бөлінді. Өткен жылы 648,7 млн.теңге бөлінді.

Бұл екі бағдарлама ең алдымен жайлы өмір сүру ортасын құруға, тұрғын үй-коммуналдық саладағы міндеттерді шешуге және жол-көлік инфрақұрылымының сапасына, өмір сүру деңгейін арттыруға, демалыс және спорт ғимараттарының желісін қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік саланың 2 нысанына жөндеу жүргізілді (білім беру – 2 (Ластаев және Рыков орта мектептерінде), Катонқарағай ауылында спорт кешенінің құрылысы жалғасуда).

Барлығы 125,5 млн. теңгеге (8 км жол) көшелерге орташа жөндеу жүргізілді.

Инфрақұрылым

 

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 23 көпір, 275 су өткізгіш құбырлары бар. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай - ақ елді мекендердің көшелерін қысқы күтіп ұстау ауылдық округ әкімдерінің құзырында.

2021 жылы жолдарды орташа және ағымдағы жөндеумен 580,3 млн.теңгеге 21,8 км астам жол қамтылды, оның ішінде 350,3 млн. теңгеге Сөгір-барлық-Ақсу (0-14 км) жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, Жаңа Үлгі - Жамбыл-Берел жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды, онда 100,0 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті маңызы бар жолдарға және елді мекендердің көшелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы 202,7 млн.теңгеге 7,8 км жол жөнделді, оның ішінде: Үлкен Нарын ауылының А.Огнев (74,5 млн. теңге), Абылайхан (52,1 млн. теңге) көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді, Көктерек ауылының Құсметов көшесіне орташа жөндеу жүргізілді (22,4 млн. теңге). Солоновка ауылындағы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (24 млн.теңге).

Құны 1 525,4 млн.теңге болатын 8 жоба іске асырылды, Солоновка, Аршаты, Шыңғыстай, Ақсу ауылдарында 4 сумен жабдықтау нысаны іске қосылды. Бұдан басқа, 2 жыл ішінде тұрғындар саны аз 10 ауылдық елді мекенде 90,3 млн.теңгеге блокты-модульді станциялар орнатылды.

Берел (61 млн.теңге), Жамбыл (19,0 млн. теңге) ауылдарындағы су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

 

       Абаттандыру

Аудан аумағында «Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы»  2021 жылғы 2 сәуірдегі № 86 қаулыға сәйкес екі айлық өткізілді. Саябақтар мен гүлзарлар тазартылды.Ұзындығы 170,9 км арықтар мен каналдарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді, 29 466 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды, 26 ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділері жойылды. Екі айлық кезінде ауданда 5830 дана ағаш отырғызылды, 2651 адам көлемінде барлық ауылдық округтер қатысты.

Үлкен Нарын ауылындағы аула аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді (50,0 млн.теңге), «Алтайэнерго» ықшам ауданы абаттандырылды (32,0 млн. теңге), Үлкен Нарын ауылы «Алтайэнерго» ықшам ауданында көше жарығын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді (15,6 млн. теңге сомасына 55 тірек орнатылды), Солдатово (1,9 млн. теңге сомасына 10 тірек), Аққайнар (1,9 млн. теңге). Коробиха (9,2 млн.теңге), Барлық (8,1 млн. теңге) ауылдарындағы көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын-үй құрылысы

2021 жылы Үлкен Нарын ауылында 257,5 млн.теңгеге «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 30 пәтерлі үйдің, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 443,2 млн. теңгеге Үлкен Нарын ауылында 10 екі пәтерлі үйдің және Катонқарағай ауылында 10 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.

Денсаулық сақтау

Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті коронавирустық пандемиямен күрес болып қала береді. Вируспен күрестегі басты және бірден-бір тиімді қару-бұл екпе алу, ауданда 8 егу кабинеті ашылды, ауылда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер ұйымдастырылды. "Pfizer" ("Комирнати", АҚШ) вакцинациясы бойынша өңірде барлығы 10034 адам екпе алды, оның ішінде жасөспірімдер – 811, жүкті әйелдер – 23, бала емізетін аналар – 80. Ересек тұрғындарға ревакцинация жүргізілуде.

Өңірде ковидтік бөлімшеде қажетті орын саны қамтамасыз етілген (90 төсек, 8 реанимациялық). Медициналық ұйымдарда 90 күнге жететін дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының қоры бар. 3 рентген-аппарат, 11 –өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істейді, оттегі станциясы бар. Covid-19 жағдайы тұрақты бақылауда. 2020 жылдан бастап өңірдің шалғай елді мекендерінде медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық пункт жұмыс істеді.

Үлкен Нарын ауданындағы аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу өтті (құны 1438,3 млн. тенге).

Соңғы 3 жылда (2019-2021 жылдары) 556 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. 2021 жылы өңірлендірудің 2-деңгейіне өту үшін медицина саласының 7 маманы оқудан өтті.

Білім беру саласы

Бес жыл ішінде "Үштілді білім беруді дамыту" жобасы аясында тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді, 127 мұғалім арнайы оқудан өтті. Осы кезеңде оқыту әдістемесін меңгеру көрсеткіші 20% - дан 70% - ға дейін, оқушылардың білім сапасы 50% - дан 70% - ға дейін артты.

2021 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде практикалық қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жөніндегі жобаның жаңа үш жылдық кезеңі басталды. Балаларды қамтуды ұлғайту және IT - бағыттар бойынша дағдыларды тереңдету мақсатында қосымша білім беру ұйымдарында 2 бағдарламалау мектебі ашылуда.

136,2 млн. теңгеге материалдық-техникалық базаны нығайту жүргізілді. Физика, биология, химия, информатика, робототехника кабинеттері сатып алынды, инклюзивті білім беру үшін психолог кабинеттеріне толықтыру жүргізілді.

Барлық оқу орындары бейнебақылау жүйелерімен, мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген, дабыл батырмаларын, турникеттерді, металл детекторларды орнату жүргізілуде. Аудан орталықтарында орналасқан мектептер мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау ерекше басымдыққа ие болып отыр. Жыл сайын жаппай оқыту қорының көлемі ұлғаюда. 2021 жылы тегін тамақпен (48,3 млн.теңге), мектеп формасымен (23,7 млн. теңге), аяқ киіммен (16,8 млн. теңге) қамтамасыз етугебарлығы облыстық бюджеттен 88,8 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Ауданда азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Көпбалалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен ағымдағы жылы 8,5 млн.теңгеге 3 микрокредит берілді. Табысы төмен халықты қолдау үшін тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсыну бойынша шара көзделген. Жыл басынан бері 3,0 млн. теңгеге 3 тұрғын үй сертификаты берілді (сертификат мөлшері – 1 млн.теңге).

Сонымен қатар, ауданда осы санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезең-кезеңмен бағдарламасы жүзеге асырылуда. 9 үй, оның ішінде ағымдағы жылы кезекте тұрған көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал отбасылар үшін (1 пәтер) сатып алынды.

«Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

2021 жылдың қорытындысы бойынша "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары 1262 адам болды, оның ішінде 983 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 612 адам орналасты. Қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан 30 адам өтіп, жұмысқа орналастырылды.

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 100 адам оқытылды. Жеңілдікпен несиелендіру аясында 106,3 млн. теңгеге 27 шағын несие берілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 371 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 25 адам, жастар тәжірибесіне 27 адам өтті, қоғамдық жұмыстарға – 319 адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында 2021 жылы ауданға 47 адам көшірілді.

Денешынықтыру және спорт

Халықтың әл-ауқатының маңызды факторларының бірі – салауатты өмір салты. Онда 58 оқу-жаттығу топтарында спорттың 8 түрі бойынша 612 оқушы шұғылданады.

Ауданның 36 мектебінде спорттың 14 түрі бойынша 146 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 6 жастан 17 жасқадейін 2165 оқушықатысады. Жыл көлемінде барлығы 62 спорттық іс-шара, 28 аудандық жарыс, 32 көшпелі іс-шара, парапланерлік және шаңғы-роллерлік спорт түрлерінен 2 республикалық чемпионат, ардагерлер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді.

Спорттық инфрақұрылымды кеңейту жалғасуда. Үлкен Нарын ауылындағы "Алтай" спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді.

Мәдениет саласы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар — елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса назар аударылады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылдың қыркүйегінде әлемге әйгілі британдық "Фицуильям" мұражайында "Ұлы дала алтыны" көрмесінде Берел қорғанының сирек кездесетін археологиялық қазбалары ұсынылды, олар ауданның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мақтанышы болып табылады.

2021 жылы Балғын (52,3) және Аршаты (51,1 млн.теңге) ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Топқайың ауылында ауылдық клубтың құрылысы жалғасуда (104,4 млн.теңге).

2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалды. Егемендігіміздің мерейтойы нақты істер мен жетістіктермен атап өтілді. Жыл басынан бері 97 атаулы, оның ішінде 2 облыстық  және 95 аудандық  деңгейдегі іс-шаралар өткізілді. Облыс еріктілері 30 әлеуметтік және қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. 548-ден астам адам көмек пен қолдау алды.

 

 

Катонқарағай ауданында 2022  жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында  келесі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда:

  1. Катонқарағай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Үлкен Нарын ауылындағы бассейннің құрылысын аяқтау;
  2. Топқайың ауылдық клубының құрылысын аяқтау;
  3. Жамбыл орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, Қ. Дамитов, Еңбек, Аршаты орта мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  4. Үлкен Нарын, Алтынбел, Малонарым, Коробиха, Өрел, Катонқарағай ауылдарындағы 6 мал қорымының құрылысын аяқтау;
  5. Топқайың ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуды аяқтау;
  6. "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде Солоновка, Малонарым, Алтынбел ауылдарының жолдарын, көпірлерін орташа жөндеу және көше жарығын орнату бойынша жұмыстар жүргізу.
  7. Аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Сөгір – Барлық –Ақсу 14-27 км, Жаңа Үлгі – Жамбыл –Берел 0-12 км)
  8. Ауданда туризмді дамыту мақсатында Үлкен Нарын ауылындағы автобекет ғимаратын өлкетану орталығы ретінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу;
  9. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту үшін 400 МРП көлемінде 39 адамға грант ұсыну;
  10. Катонқарағай ауылының орталық көшесін абаттандыру;
  11. Ауданның агроөнеркәсіптік кешеніне, ірі қара малдың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысына, жылқы шаруашылығы мен ара шаруашылығына инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды жалғастыру;
  12. Медицина саласында перинаталдық көмекті өңірлендірудің 2-деңгейіне көшу;
  13. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (2022 жылға арналған жоспар -55 адам);
  14. Жоспарға сәйкес, тұрғындарды профилактикалық тексерулерден және скринингтен өткізу;
  15. Жылжымалы медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарына емдеу-диагностикалық қызмет көрсетуді жалғастыру;
  16. 2022 жылы 564 мектеп мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру;
  17. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жеңіл атлетика, жүзу, волейбол, футбол спорт түрлері бойынша қосымша спорт секцияларын ашу. Нәтижесінде, дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар санын 40 % көтеру және 30 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Дата публикации
04 марта 2022
Дата обновления
04 марта 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы