Меню

Страницы

Статья

ТӨЛЕГЕТАЕВ ҚАБДОЛДА АҚПАЙҰЛЫ

ТӨЛЕГЕТАЕВ ҚАБДОЛДА АҚПАЙҰЛЫ

1945 жылы 25 наурызда  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. 1961 жылы Ақсу орта мектебін бітірген. 1964-66 жылдары Зырян (қазіргі Алтай) қаласында ГПТУ-53 учелищесінде ағаш шебері мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1962 жылы Ақсу орта мектебінің іс меңгерушісі болып бастады. 1966-71 жылдары Ақсу орта мектебінде еңбек сабағынан дәріс береді. 1971-77 жылдары Жоғарғы-Катунь марал кеңшарында құрылыс шебері, прораб болып жұмыс істейді. 1975 жылы Цилинаград (қазіргі Астана) қаласында  бір жыл іс-тәжірибеден өтеді. 1977-87 жылдары Ақсу ауылдық округі әкімшілігінің әкімі қызметінде жұмыс атқарады. 1987-90 жылдары Жоғарғы-Катунь кеңшарында құрылыс шебері болып жұмыс істейді. 1990 жылы  кәсіподақтар комитетінің XIX  съезіне делегат болып барады.

 Қабдолда Ақпайұлы 1990 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Жоғарғы-Катунь марал кеңшарында кәсіподақ комитетінің басшысы қызметін атқарады.   Зейнетке шыққанан кейін Ақсу ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланады.  Ауыл өміріне белсене араласып,  көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Атап айтқанда, Қабдолда Ақпайұлының бастамасымен Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш және Ұлы Отан соғысына 70 жыл толуына орай орталық парк салынды. Мәдениет үйіне, аураханаға көп көмек көрсету бойынша  жұмыстар жүргізілді. Аудандық сайыстарға қатысып көптеген жүлделі орындар алып, түрлі мадақтама қағаздарымен марапатталған.

2025 жылы 20 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Қабдолда Ақпайұлына VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVIII сессиясының №28/324-VIII шешімімен  «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы