Меню

Страницы

Статья

СЛЯМОВ БЕРДІБЕК БАТЫРХАНҰЛЫ

СЛЯМОВ БЕРДІБЕК БАТЫРХАНҰЛЫ

1950 жылы 8 сәуірде Катонқарағай ауданы бұрынғы Чистоводка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1973 жылы Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын ауданның «Қазақстанның 40 жылдығы атындағы» кеңшарында бастады. 1987-89 жылдары Марқакөл ауданы «Горное» кеңшарының директоры болды. Марқакөл, Күршім, Катонқарағай аудандарының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, ШҚО әкімі аппаратының «Істерді басқару» директорының орынбасары, «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры қызметтерін атқарды.

Катонқарағай ауданының әкімі болған жылдары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп көңіл бөлді.  Қаражаттың аздығына қарамастан жаңадан мектеп ғимараттары салына бастады. Көптеген аудандық маңызды мекемелерді қираудан сақтау үшін  шатырлау жұмыстары қолға алынды. Кеңшар, ұжымшарлардың жерлері тұрғындарға заңды түрде 49 жылға жалға берілді. Бұл жаңа шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың ашылуына септігін тигізді, мал басы артты. Жеке меншік үйлерді заңдастыру жұмыстары жаппай қолға алынды. Білім беру жүйесіндегі мәселелерге көп көңіл бөлінді, медицина саласы да назардан тыс қалмады. Тұрғындар арасында қысқы және жазғы спорттық ойындар, шығармашылық есептер ұйымдастырылды.

Бердібек Батырханұлының жемісті еңбегі мемлекет тарапынан әділ бағаланып, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласының үздігі атанды. «Қазақстан тәуелсіздігінің  10 және 20 жылдығы» «Тың және тыңайған жерлерді игеруге 50 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің, ШҚО әкімінің, Қазақстанның СЖЛК облыстық комитетінің, облыстық партия комитетінің, облыстық халықтық бақылау комитетінің Құрмет грамоталарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

2021 жылы 26 қазанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Бердібек Батырханұлына VII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XI сессиясының №11/106-VII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы