
КЕРТЕШОВ ТАЛҒАТ СЕЙІТҰЛЫ
1962 жылы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.1980 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында бастады. 1997-2001 жылдары Орман шаруашылығы комитетінде сарапшы, 2001-2004 жылдары Дүниежүзілік банктің Орталық Азияның трансшекаралық биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі Жаһандық экологиялық қорының жобасында менеджер, 2004 жылдан бері БҰҰДБ-ның биоалуантүрлілік бойынша жобаларының менеджері болып жұмыс істейді. Халықаралық Еуропалық Одақтың Солтүстік Еуразия табиғатын қорғау жөніндегі Дүниежүзілік комиссиясының мүшесі. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
Талғат Сейітұлы Алакөл, Қаратау қорықтары, Қарқаралы, Бурабай, Катонқарағайұлттық парктері және Ақжайық, Іле-Балқаш табиғи резерваттарының құрылуына өзіндік үлесін қосты. Сонымен қатар, Катонқарағай ұлттық паркінің инфрақұрылымын дамытуға және ғылыми әлеуетін нығайтуға сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күні Катонқарағай Ұлттық табиғи паркі халықаралық ынтымақтастық ісінде үлкен жұмыс атқаруда. Жыл сайын осы ұлттық парктің өсімдік пен жануарлар әлемін зерттеу барысында жаңа технологиялық құрал жабдықтармен демеушілігін көрсетіп отырады.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани-әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары және қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі, Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының биоәтүрлілікті сақтау жобаларын мүлтіксіз атқараған қызметі үшін «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қансонар» ерекше белгісімен, «II дәрежелі Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және көптеген медальдармен марапатталған.
2021 жылы 26 қазанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Талғат Сейітұлына VII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XI сессиясының №11/106- VII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.