Меню

Страницы

Статья

СЕРЬЯНОВ НҰРҒОЖА СЕРЬЯНҰЛЫ

СЕРЬЯНОВ НҰРҒОЖА СЕРЬЯНҰЛЫ

1938 жылы 15 қазанда Үлкен Нарын ауданы (қазіргі Катонқарағай) Көктерек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Семей мал дәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша, Өскемен педагогикалық институтын биология мамандығы бойынша бітірген.

Нұрғожа Серьянұлы Жұлдыз орта мектебін аяқтағаннан кейін 1954 жылы Свинчатка ауылындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумына оқуға түсіп, 1958 жылы техник–электромеханик мамандығын алып шығады.  Еңбек жолын 1958 жылы «Абай» атындағы колхозда инженер электромеханик болып бастайды.

1961 жылы 15 ақпанда  Жұлдыз орта мектебіне машинатану, сызу пәндерінің мұғалімі болып орналасады. 1963 жылы 23 тамызда Көктерек орта мектебіне машинатану және электротехника пәндерінің мұғалімі болып ауыстырылады. 1971-76 жылдары Жұлдыз орта мектебінің, 1976 жылдан Балғын  орта мектебінің директоры болып еңбек етеді. Нұрғожа Серьянұлы табандылығының арқасында Балғын ауылының тумасы, жазушы Н.Горбачевтің ықпал етуімен 1988-89 жылдары Балғын ауылында екі қабатты мектеп ғимаратының салынуына зор еңбек сіңіреді. Табан аудармай жиырма жеті жыл бір мектепті басқарған Нұрғожа Серьянұлының мектеп үшін, өскелең ұрпақ үшін, ауыл үшін сіңірген еңбегі зор. Ұзақ жылғы табысты еңбегі өкімет тарапынан әділ бағаланып, 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1996 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің, облыстық, аудандық партия комитеттері, аудандық білім бөлімі, республикалық, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан көптеген мақтау қағазы, алғыс хаттармен марапатталған.

2020 жылы 25 желтоқсанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Нұрғожа Серьянұлына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XLVI сессиясының №46/411-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы