Меню

Страницы

Статья

АКИЖАНОВ ҚАБИДОЛЛА АКИЖАНҰЛЫ

АКИЖАНОВ ҚАБИДОЛЛА АКИЖАНҰЛЫ 1923 жылы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Майемер ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы майор.

Қабидолла Акижанұлы 1940 жылы Семей қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Улан-Уде қаласына әскери оқуға жіберіледі. Әскери мектепті бітірген кіші лейтенант 1943 жылы Мәскеу әскери округі құрамында соғысқа кіреді. Орловск-Курск шайқасына қатысады. Орел қаласында екі қолынан жараланып, үш ай госпитальда жатады. Кейін Екінші Прибалтика майданында талай ұрысқа кіріп, бірнеше жарақат алып, 1945 жылы қазан айында аға лейтенант атағымен әскери қызметтен босап, еліне оралады.

1945 жылдан 1953 жылға дейін Майемер орта мектебінде әскери жетекші, Балғын ауылында ауылдық кеңес хатшысы, Чистоводка ауылында партия ұйымының хатшысы, «Красный Октябрь» ұжымшарында тексеру комиссиясының төрағасы болып жауапты қызметтер атқарады.      

1953 жылдан 1973 жылға дейін жиырма жыл Новополяковка ауылдық кеңесінің төрағасы болып жемісті еңбек етеді. Кейін сауда кәсіпорындарының директоры, «Ульяновка» кеңшарының зоотехнигі секілді қызметтер атқарады. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі және бейбіт замандағы қажырлы еңбегі үшін  Қабидолла Акижанұлы «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбегі үшін В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен және көптеген мерекелік медальдармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған. Қазір құрметті демалыста. Жұбайы Нұрзағила екеуі тоғыз бала тәрбиелеп, өсірген.

2014 жылы 23 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Қабидолла Акижанұлына Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХVIII сессиясының 28/216-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы