Меню

Страницы

Статья

БЕКБОСЫНОВ АРМАН ІЛИЯСҰЛЫ

БЕКБОСЫНОВ АРМАН ІЛИЯСҰЛЫ 1973 жылы 10 қаңтарда Зайсан ауданының Зайсан қаласында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң, Өскемен құрылыс-жол институтын 1995 жылы автомобиль жолдарының инженер- құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнында инженер болып бастады. 1997-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнында жетекші, бас маман, 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары Комитеті автомобиль жолдарын дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін атқарушы, 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің эксплуатация бөлімінің бастығы, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «Қазақжолқұрылыс» ЖШС директордың орынбасары, 2006-2008 жылдары Атырау облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникациялық кешенін дамыту департаменті автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2010-2013 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Қазір Глубокое ауданының әкімі.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Құрметті жолшы» төсбелгісімен марапатталған.

2013 жылы 25 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін А.Бекбосыновқа Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХ сессиясының 20/138-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы