Меню

Страницы

Статья

САПАРБАЕВ БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ

САПАРБАЕВ БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге  келген.

1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1969 жылы Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастады 1971-1973 жылдары Отан алдындағы борышын өтеді. 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында  Мемеңбекжинақкассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші, 1977-1988 жылдары ҚазКСР Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, 1988 жылдан  ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, 1990 жылдан ҚР Білім министрінің орынбасары, 1994 жылдан ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың наурыз айынан  ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

1995 жылдың қыркүйек айынан Қызылорда облысының, 1999 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2002 жылдан ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, 2004 жылдан  қаржы вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, 2006 жылдан ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары, 2007 жылдан ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі секілді жауапты қызметтер атқарды. 2009 жылдан бері  Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

«Құрмет» (1999ж.), «Парасат» (2007ж.), I дәрежелі «Барыс» (2012ж.) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

2012 жылғы 19 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Бердібек Машбекұлына V шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының IX сессиясының №9/68-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.   

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы