Меню

Страницы

Статья

ОРАЗАЕВ ШАЙМАРДАН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

ОРАЗАЕВ ШАЙМАРДАН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 1951 жылы 10 наурызда Катонқарғай ауданы Медведка ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Медведка орта мектебін бітіріп, комсомолдық жолдама бойынша Черняховский атындағы кеңшарда шопан болып еңбек жолын бастайды.

1969-1970 жылдары Қиыр Шығыста Отан алдындағы әскери борышын өтейді.1970-72 жылдарыы Черняховский атындағы кеңшарда токарь, бір жылдан соң комсомол комитетінің хатшысы болып еңбек етеді. 1972 жылы Лениногор орман шаруашылық техникумына түсіп, оны 1975 жылы үздік дипломмен аяқтайды.

1975-1980 жылдары Катонқарағай орман шаруашылығында орманшы, құрылыс прорабы, ағаш дайындау бөлімінің бастығы, техника қауіпсіздігінің инженері қызметтерін аброймен атқарады.

1980 жылы партияның жолдамасымен Алматы жоғарғы партия мектебіне барып, 1984 жылы үздік бағамен аяқтайды.

1984-1990 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Катонқарағай аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары,«Ақмарал» агрокомбинатының бас директоры болып қызмет етеді.

1990-1997 жылдары аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, 1997 жылы екі аудан біріктірілгеннен  кейін Катонқарағай аумағы бойынша аудан әкімінің орынбасары, 1997-2005 жылдары Катонқарағай ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. Өр Алтайда Шаймардан Сүлейменұлының іске асырған еңбектерінің нәтижесін ел-жұрты жақсы біледі.

Қазіргі кезде «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеудің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жедел отряд басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бастықтың орынбасары қызметінде. Бірнеше дүркін Катонқарағай аудандық партия комитетінің мүшесі, депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды.

2011 жылғы 21 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Шаймардан Сүлейменұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXXIII сессиясының №33/301-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.   

.

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы