Меню

Страницы

Статья

ИМАНҒАЛИЕВ СОВЕТ ҚАПАНҰЛЫ

ИМАНҒАЛИЕВ СОВЕТ ҚАПАНҰЛЫ 1950  жылы  Ұлан  ауданында  дүниеге келген. 1967  жылы  орта  мектепті, 1973 жылы  Өскемен  педагогикалық  иниститутының    химия факультетін бітірген. 1973 жылы оқу  орнының  жолдамасымен  Чернова   орта  мектебіне   келіп,   бір жыл  оқу  ісінің  меңгерушісі  болып қызмет  атқарады. Осы жерден  ол  Катонқарағай  аудандық  комсомол   комитетінің  екінші хатшылығына  тағайындалады  да,  артынан  бірінші  хатшысы  болады. 1979-1982  жылдар   аралығында   Катонқарағай  аудандық  партия  комитетінің  ұйымдастыру  бөлімінің  меңгерушісі  болады. 1982  жылы  Москва  қаласына   КСРО Дипломатиялық Академиясына үш жылдық оқуға  жіберіледі.  1985-1991 жылдары Семей облыстық атқару комитетінде, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінде    жауапты   қызметтер  атқарады.

1996-1998 жылдары  Қазақстан  Республикасы сыртқы  істер министрлігі Бас  елшілік   басқармасында  кеңесші, басқарма бастығының  орынбасары, бастықтың  міндетін   атқарушы  қызметтерінде  болды.  Бұдан  кейін екі жылдай  Қазақстан   елшілігінің  Монғолия және Қытай Халық Республикасындағы кеңесшісі қызметін атқарды. 1999-2001   жылдары  Шығыс  Қазақстан  облысы   әкімінің  сыртқы  экономикалық   мәселелер   жөніндегі  кеңесшісі, 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өскемен қаласындағы Консулы қызметін  атқарды. Ел алдындағы елеулі істері мемлекет тарапынан өз бағасын алды.

 «Нәрін, дарын, бәрін берген – туған жер», «Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» атты кітаптардың, сонымен қатар, Катонқарағай ауданы, аудан көлеміндегі өзімен істес болған адамдар жайлы жазылған «Анамдай әлпештеген Асқар Алтай» атты естелік кітабының авторы Қазақ,  орыс,  монғол,  қытай,  түрік тілдерін  меңгерген.

2010 жылғы 28 шілдеде  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Совет Қапанұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XXIII сессиясының №23/189-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы