Меню

Страницы

Статья

ЖҰМАҒҰЛОВ ЕРЕН КАДОШҰЛЫ

ЖҰМАҒҰЛОВ   ЕРЕН   КАДОШҰЛЫ

 1950 жылы 3 шілдеде    Катонқарағай ауданы, Чернова ауылында  дүниеге келген. 1967 жылы Чернова орта мектебін бітірген.

Ерен Кадошұлы 1975 жылы Ермак денешынықтыру техникумын, 1987 жылы Өскеменнің педагогикалық иниститутын, 2004 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын «Чернова»   кеңшарында  қатардағы жұмысшыдан бастады. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген соң, екі жыл Чернова орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. 1975-1985 жылдары Катонқарағай аудандық балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің  жаттықтырушысы, одан кейін директоры болады. 1986-1991 жылдары Ленин атындағы орта мектепте денешынықтыру және тарих пәнінің мұғалімі, 1991-1997 жылдары  Катонқарағай   аудандық аң шаруашылығының директоры, 1997-2001 жылдарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша орман және биоресурстар басқармасының саяткері  қызметтерін  атқарған. 

Ерен Кадошұлы ерекше экологиялық, мәдени құндылығы бар  аймақтың ғажап табиғатын сақтап, бұрынғы қалпына келтіру үшін Катонқарағай ұлттық  табиғи паркінің  ашылуына  атсалысып, оның  аяғынан тұруына көп еңбек сіңірді.  2001 жылы парктің ашылған күнінен  бастап 2008 жылға дейін Бас директор қызметін атқарды.  2008 жылы   елiмiздiң бiрегей тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау   мақсатында құрылған «Берел»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына директор болып тағайындалды.

Еңбектегі жетістіктері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Алғыс хатымен,  Құрмет грамотасымен, «Ресейдің кәсіподақтарына 100 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Мәдениет министрлігінің, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің, Ормен және аңшылық шаруашылық Комитетінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Катонқарағай ауданы әкімінің грамоталарымен және  алғыс хаттарымен бағаланған.

ІІІ, ІV, V шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты.

2010 жылы 28 шілдеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін  IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  ХХІІІ сессиясының №23/189-ІV шешімімен  «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы