Меню

Страницы

Статья

АЯҒАНОВ АЛТАЙ НҰРҚАСЫНҰЛЫ

АЯҒАНОВ АЛТАЙ НҰРҚАСЫНҰЛЫ

 1941 жылы 25 тамызда  Катонқарағай ауданы, Қараайрық ауылында дүниеге келген. Қараайрық бастауыш, Өрел орта мектептерінде оқып, сегіз жылдық білім алғаннан кейін Өскемен ауыл шаруашылық техникумына оқуға түсіп, зоотехник-мал дәрігері мамандығын алып шығады. 1966 жылдан бастап мамандығы бойынша Большенарым ауылында мал дәрігері, одан кейін ұзақ жылдар мал дәрігерлік дәріхананың меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Еліміз тығырыққа тірелген тоқсаныншы жылдары кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылған кезеңде өз білімі мен тәжірибесінің арқасында жеке кәсіпорындар құрып, халықты жұмыспен қамтуға, олардың күнкөрістік табыстарын табуларына, ауылшаруашылығы саласынының сақталуына зор үлесін қосады. 1991 жылдан бастап  жеке кәсіпкерлікпен айналысып, «Алтай А.Н.» шаруа қожалығын, «Мұзтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ұйымдастырып, қазіргі уақытқа дейін сол ұжымдарға басшылық жасап келеді.

Алтай Нұрқасынұлы - ІІ шақырылған Шығыс Қазақстан  облыстық мәслихатының депутаты. 2011 жылғы қаңтар айында өткен VІІ Азияда ойындарына біздің ауданның өкілі болып жіберілді.

2011 жылы ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды..

2009 жылы 16 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен қоғам өміріндегі белсенділігі үшін Алтай Нұрқасынұлына IV шақырылған  Катонқарағай аудандық мәслихатының ХІІІ сессиясының №13/130-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы