Меню

Страницы

Статья

ҚАЛИБЕКОВ ТОҚТАСЫН ҚАЛИБЕКҰЛЫ

ҚАЛИБЕКОВ ТОҚТАСЫН ҚАЛИБЕКҰЛЫ 1950 жылы 20 желтоқсанда  Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Черняховский атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде қатардағы жұмысшы болып еңбек жолын бастайды.

Кеңшардың жолдамасымен Большенарым ауылындағы №16 кәсіптік-техникалық училищеде оқып, механизаторлық мамандықты меңгереді. 1968 жылдан 1971 жылға дейін туған ауылындағы кеңшарда  тракторшы болып еңбек етіп, одан кейін екі жыл Отан алдындағы борышын өтейді. Әскерден келген соң механизаторлықты ары қарай жалғастырады. 1977 жылы кеңшардың жолдамасымен жүргізушілік курсты бітіреді де алты жыл автомашина рулінде отырып, еңбек етеді. 1983 жылы шаруашылықта егістікті күтіп-баптауға жаңаша еңбек тәсілі енгізіліп жатқан кезде  Тоқтасын Қалибеков кеңшар басшыларына бірыңғай жасақпен жұмыс істейтін жалгерлік топ құру жөнінде ұсыныс жасап, артынан оған өзі жетекшілік етеді.

Бұл міндетті ол екі жыл атқарады да басшылардың қалауымен Топқайыңдағы №2 бөлімшеге басқарушылыққа ауысады.

1991 жылдың мамыр айында халық депутаттары Медведка ауылдық кеңесінің  төрағалығына сайланып, бұл қызметті 1992 жылдың қарашасына дейін атқарады. Бұдан кейін «Жоғарыкатон» кеңшарының №4 бөлімшесінде басқарушы болып үш жыл істейді. 1995-1999 жылдар аралығында «Сәулет» концернінде орман учаскесін басқарады да, өзінің жеке шаруа қожалығын құрып біржола кәсіпкерлікке көшеді. Тоқтасын Қалибеков басқарған көпсалалы «Топқайың» шаруа қожалығы бүгінде ауданда алдыңғылардың қатарында. Жемісті еңбегі үшін Қалибеков Тоқтасын «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2009 жылы 18 ақпанда  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Тоқтасын Қалибекұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XI сессиясының №11/113-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы