Меню

Страницы

Статья

САМАШЕВ ЗАЙНОЛЛА

САМАШЕВ ЗАЙНОЛЛА 1947 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бестерек ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1970-1977 жылдары Ұлан ауданындағы Ленинка ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1977-1980 жылдары Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы қызметтерін атқарған. 1980 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының лаборантынан бастап, 2008 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкеріне дейін өскен. 2010 жылдан бастап Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалы- ның директоры. 1990 жылдан бастап көптеген тарихи-мәдени мұраларды зерттеу жобаларының жетекшісі. Соның ішінде, 2005-2008 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Берел», «Қызыл ұйық», «Тоқсанбай», «Сарайшық», «Қос құдық», «Сарыкөл» жобаларының жетекшісі болды.

З.Самашев 1997 жылы Майемер қорымында, 1998 жылдан  бастап Берел қорымында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Археологиялық  қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды тарихи деректер мен заттар Берел қорымын әлемге танытты. Бүгінгі таңда Берел - Отанымыздың теңдесі жоқ археологиялық ескерткіштерінің бірі.

Қазақстандағы  археология ғылымының даму деңгейін көрсететін түрлі көрмелелерді ұйымдастырып өткізудің ұйтқысы болуда. Мұндай көрмелер біздің елімізден басқа Сеул, (Корея), Сан-Диего мен Хьюстон (АҚШ), Берлин, Гамбург, Мюнхен (Германия), Киев (Украина), Москва (Ресей) қалаларында ұйымдастырылып, табысты өткізілген.

Зайнолла Самашев - ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, герман археологиялық институтының корреспондент-мүшесі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының өнер академиясының академигі.

2001 жылы тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. Тарих ғылымдарының докторы.

2008 жылы 18 ақпанда аудан аумағындағы археологиялық зерттеулердегі табыстарымен ауданды бүкіл әлемге танымал еткен еңбегі үшін Катонқарағай аудандық мәслихатының IV сессиясының №4/44-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы