Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚБАЕВ СЕРЖАН АБДОЛДАҰЛЫ

ҚАЗАҚБАЕВ СЕРЖАН АБДОЛДАҰЛЫ 1961 жылы Катонқарағай ауданы Өрел ауылында дүниеге келген. Өрел орта мектебін, онан кейін Симферополь жоғары әскери-саяси училищесін, Москваның әскери академиясын бітірген. 1982 жылы дипломды жас маман, лейтенант Сержан Қазақбаев Қызыл Тулы Орта Азия әскери округіне жолдама алады.

1983 жылдың шілдесінде Ауған Демократиялық республикасына интер-националдық борышын өтеуге өз еркімен аттанады. Мото-атқыштар бригадасының құрамында ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсете отырып «Қызыл Ту» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталады. Жалындаған жас офицер сан рет ажалмен бетпе-бет келіп, үш мәрте жараланып, 1985 жылы еліне оралады. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлік істері мен патриоттық асыл қасиеттерін жұртшылыққа кеңінен таныстыру мақсатында нақты деректер негізінде жазылған танымдық кітабы «Ауған ақиқаты», «Кандагарский дневник» деген атпен 2006 жылы «Алматы» баспаханасынан жарық көрген. 2001 жылдың шілдесінен бастап Сержан Қазақбаев - Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы  республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Сержан Қазақбаевтың көптеген шәкірттері еліміздің Қорғаныс Күштерінің қатарында офицер болып жемісті еңбек етіп жүр. 2007 жылы оған Ресей Федерациясының құқықтық тәртіп пен қорғаныс қауіпсіздігі мәселелері Академиясының мүшесі ретінде Генерал-майор атағы берілді.

2008 жылы 18 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Сержан Абдолдаұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының IV сессиясының №4/44-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы