Меню

Страницы

Статья

ЖЕКСЕКЕНОВ ЗЕЙНЕЛҚАН ЖЕКСЕКЕНҰЛЫ

ЖЕКСЕКЕНОВ ЗЕЙНЕЛҚАН ЖЕКСЕКЕНҰЛЫ 1948 жылы Большенарым ауданы Мейемер ауылында дүниеге келген. Көктерек орта мектебін бітірген.

Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша аяқтаған соң, 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Джумбинск» кеңшарына бас зоотехник болып жіберіліп, 1974 жылға дейін қызмет атқарған. 1974 - 1979 жылдар аралығында Катонқарағай ауданына қарасты «Сарымсақты» мал бордақылау кеңшарының, одан кейін «Коробиха» кеңшарының директоры болды. 1980 жылы Өрел кеңшарына бас зоотехник болып ауысады. 1988-1991 жылдар аралығында Глубокое ауданына қарасты «Ленинский» кеңшарында бас зоотехник қызметін атқарды. 1991 жылы ауданға қайта келіп, 1994 жылға дейін «Коробиха» кеңшарының директоры болды. 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасын басқарды. 1995 жылдан Шығыс Қазақстан облысының тәжірибелік шаруашылығын, ал кейіннен ғылыми-зерттеу институтын басқарды.

2007 жылдың тамыз айынан бастап «Импульс – ЖЗЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымын атқаруда.

Зейнелхан Жексекенұлы басшылық қызметтерде еңбек еткен жылдарында ауыл шаруашылық саласындағы талантты басшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол азамат ретінде өзін көрсете білді. 37 ғылыми еңбегі мен омарта, марал мен бұғы шаруашылықтарын өркендету жөніндегі нұсқаулары жарық көрді.

 «Маралдарды дамытудың технологиясы» атты монографиялық басылымы бар. 2003 жылы докторлық диссертация қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атағын алды.

Сонымен қатар, ол Қазақстан республикасының ауылшаруа-шылық және Монғолия жаратылыстану Академияларының мүше-корреспенденті.

2008 жылы 18 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Зейнелқан Жексекенұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының IV сессиясының №4/44-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы