Меню

Страницы

Статья

АЛИХАНОВ ТҮРКІСТАН ИМАШҰЛЫ

АЛИХАНОВ ТҮРКІСТАН ИМАШҰЛЫ 1932 жылы 3 желтоқсанда Катонқарағай ауданының Берел ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті, одан кейін 1950 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіреді. 1954 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық иниституттың филология факультетін үздік бағамен бітіріп, жолдамамен Катонқарағай ауданының Өрел орта мектебіне жіберіледі. Төрт айдан соң әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Гавань қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтейді.

Жас коммунист Түркістан Имашұлы партияның тапсырмасымен 1964 жылға дейін аудандық оқу бөлімінде инспектор, партия комитетінде инструктор, аудандық мәдениет бөлімінде меңгеруші болып жауапты қызметтер атқарады.

«Мамандығым бойынша істесем, еліме пайдам тиер» - деген ниетпен өзі сұранып, 1964 жылы 15 тамызда Өрел орта мектебіне қызметке келеді. Ол басшылық еткен жылдары Өрел ауылында спортзалы бар жаңа мектеп, мектеп жанындағы интернат үйлері салынды. Мектептің оқу-материалдық базасы жаңартылып, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы артып, облыс көлеміне үлгі болды. Мектеп оқушыларын Бүкілодақтық «Артек» пионер лагеріне, Мәскеу, Ленинград, Ульяновск, Алматы қалаларына туристік сапарларға жіберіп тұруға мүмкіндіктер жасалды. Бір мектепте үздіксіз 30 жыл мектеп директоры болып қызмет атқарған уақытта жүзге тарта ұстаздармен иық тірестіре еңбек етіп, сан мыңдаған шәкіртті мектеп қабырғасынан ұшырды. Зейнеткерлікке шыққан соң өмір белестерін ой елегінен өткізіп, ұрпағына аталық ескерткіш болсын деп «Ақиқат» атты естелік кітабын шығарды.

Түркістан Имашұлы көп жылғы адал еңбегі үшін Қазақ КСР-нің және КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі белгілерімен марапатталды.

2007 жылы 31 мамырда ауданның білім саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Түркістан Имашұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XXVIII сессиясының №28/6-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы