Меню

Страницы

Статья

ИСАБАЕВ СІЛӘМ МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ

ИСАБАЕВ СІЛӘМ МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ 1937 жылы 18 наурызда Большенарым ауданы Малокрасноярка ауылында дүниеге келді. Малокрасноярка ауылындағы жеті жылдық, Большенарым ауылындағы  орта мектепті бітірді. 1955 жылы Алматыда Киров атындағы Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құқық жөніндегі факультетіне түсті. Осы аталған университетті 1960 жылы бітіріп, Қазақстан Республикасының ішкі істер органына жұмысқа түсті. 1960 жылдан бастап 1994 жылға дейін 34 жыл ішкі істер бөлімінде қызмет атқарды. Эксперт-криминалист және тергеушіден Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрінің орынбасарына дейін өсіп, Қазақстан Республикасының ішкі істер органының нығайып, дамуына үлкен үлес қосты. Құқық қорғау саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі, еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңның нығаюына қосқан үлесі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Исабаев Сіләм Мұхамеджанұлын республика үкіметі және ішкі істер басшылығы лайықты бағалаған болатын. Ол 11 медальмен, Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің ХІІ шақырылымының депутаты болып сайланып, құқықтық комитетінде жұмыс істеді. Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең алғашқы заң актілері мен бірінші Конституциясы осы Жоғары Кеңестің ХІІ шақырылымымен қабылданған болатын. Исабаев Сіләм Мұхамеджанұлына «Милиция генерал-майоры», «Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің еңбегі сіңген қызметкері» деген жоғары атақтар берілген. Исабаев Сіләм Мұхамеджанұлы өзінің өмірлік және еңбектегі тәжірибесін ұрпақтарды қазақстандық отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, жас қызметкерлерді үйретуге жұмсап, көптеген бастамалардың жетекшісі болып келеді. Ол қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, көп жыл Ішкі істер Министрлігінің жанындағы Бақылау кеңесінің мүшесі болды.

2007 жылы 16 ақпанда өз іс-қызметі арқылы аудан беделін көтергені үшін Сіләм Мұхамеджанұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVI сессиясының №26/7-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы