Меню

Страницы

Статья

МАКАРЕВИЧ ВИКТОР ПАВЛОВИЧ

МАКАРЕВИЧ    ВИКТОР   ПАВЛОВИЧ 1936 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы, Бураново ауылында дүниеге келген.

1955 жылы Большенарым ауылында орта мектепті бітірді. Сол жылы Свинчатка ауылындағы ауылшаруашылық техникумына оқуға түсті. Техникумды 1958 жылы аяқтап, ауылшаруашылығының техник-мехник маманы дипломын алып шықты.     

Сол жылы Большенарым ауылындағы автокәсіпорынға механик болып жұмысқа орналасты. 1961 жылы осы  кәсіпорынның бас инженері лауазымына, 1970 жылы директор лауазымына тағайындалды.

Виктор    Павлович зейнеткерлікке шыққанға дейін табан аудармай бір мекемеде 53 жыл еңбек етті. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Виктор Павлович «Еңбек Қызыл Ту»,  «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбек ардагері», «Қажырлы еңбегі үшін» және тағы да басқа мерейтойлық медальдармен марапатталды. Еліміздің автомобиль және жолаушылар көлігі саласындағы елеулі еңбегі «Қазақстан Республикасының құрметті автомобиль жүргізушісі» атағымен бағаланды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Виктор  Павлович өзінің сүйікті ісін тоқтатқан жоқ. Өз тәжірибесін жастарға үйретіп,ауданның әлеуметтік және қоғамдақ өміріне белсене араласты.

2005 жылы 15 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін  Виктор    Павловичке Катонқарағай аудандық мәслихатының  III шақырылған XVI сессиясының  №16/5-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы