Меню

Страницы

Статья

ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНҰЛЫ

ДИДАХМЕТ ӘШІМХАНҰЛЫ  1950 жылы 10 маусымда  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен  кейін жол құрылысы учаскесінде жұмысшы, Большенарым аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Совет армиясы қатарында (1969-1971) сарбаз, Алматы үй құрылысы комбинатында тас қалаушы болған.

ҚазМУ-дің журналистика факультетінің (1972-1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975-1976), республикалық «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған Дидахмет Әшімханұлы кейін республикалық «Қазақстан  пионері» (1978-1980), «Қазақ әдебиеті» (1980-1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылдан қазірге дейін халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары. Сондай-ақ,  ол - 2003 жылдан бері «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Алаш» баспасының директоры.

Проза жанрындағы тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде, «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. Жазушының қаламынан әр жылдарда шыққан  «Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная падь», «Жер аңсаған Сарыатан», «Самырсын сазы», «Әңгіме емес әңгімелер»,  «Сары  самауыр» атты кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан қалың оқырманға жолдама алып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.

1986 жылдан Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарынның мүшесі, «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері, жас жазушылардың Бүкілодақтық VIII кеңесіне қатысушы. Жекеленген бірнеше шығармасы неміс, қытай, монғол, украин,  мари,  татар,  қырғыз тілдеріне аударылған.  2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығына ие болды. 2010 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді. 

        2005 жылы 15 желтоқсанда аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Дидахмет Әшімханұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XVI сессиясының  №16/5-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы