Меню

Страницы

Статья

РЕТИВЫХ ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ

РЕТИВЫХ  ЕВГЕНИЙ  АЛЕКСАНДРОВИЧ 1934 жылдың 9 тамызында Катонқарағай ауданының Печи ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң байланысшылар техникумын, онан соң Шығыс Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық техникумын тәмамдады. Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің жанындағы (ЦК КПСС) Жоғарғы   Партия  мектебін  бітірді. 1958-1964 жылдары Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1964-1967 жылдары  Катонқарағай аудандық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1967-1974 жылдары Марқакөл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1974-1984 жылдары Большенарым аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1991-1994 жылдары аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы және Большенарым аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті.

Евгений Александрович Ретивых өз ісіне адал, терең білімді, ел-жұртына сыйлы азамат бола білді. Қызмет еткен жылдардағы еңбегі мемлекет тарапынан әділ бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. 

2004 жылы 2 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына  қосқан зор үлесі үшін Евгений Александровичке III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  VI сессиясының  №6/14-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы