Меню

Страницы

Статья

КӨБЕНОВ НҰРМҰХАНБЕТ КӨБЕНҰЛЫ

КӨБЕНОВ НҰРМҰХАНБЕТ КӨБЕНҰЛЫ 1926 жылы 12 қарашада Большенарым ауданының Жұлдыз аулында дүниеге келген. 1944 жылдың қарашасында Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, онда 1955 жылдың шілдесіне дейін қызмет етті. Отставкадағы майор. Білімі жоғары. 1955-1959 жылдары Большенарым аупарткомының нұсқаушысы, 1959-1963 жылдары Большенарым аупарткомы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1963-1973 жылдары Большенарым аупарткомының хатшысы, 1973-1987 жылдары Большенарым аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Екі «Құрмет белгісі» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Үлгілі еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен, «В. И. Лениннің туғанына – 100 жыл» мерейтойлық медалімен, КСРО Қарулы Күштерінің 30, 40, 50, 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған. Республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер.

2004 жылы 2 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына  қосқан зор үлесі үшін Нұрмұханбет Көбенұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының VI сессиясының  №6/14-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы