Меню

Страницы

Статья

АСҚАРОВ ӘЛІБЕК АСЫЛБАЙҰЛЫ

АСҚАРОВ ӘЛІБЕК АСЫЛБАЙҰЛЫ 1951 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесінің кітап безендіру бөлімін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

          1971-1973 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1975-1986 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1986-1991 жылдары «Өнер» баспасының бас редакторы, 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының Ішкі саясат бөлімінің аға референті қызметтерін атқарды. 1993 жылдан еліміздің Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары, 1996 жылдан Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөніндегі ұлттық агенттік төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1998-2004 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Баспа және полиграфия департаментінің директоры болды. 2005 жылдың ақпанынан  Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде бас инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде.

          Әлібек Асылбайұлы – кәсіби баспагер, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі баспа ісінің және полиграфия саласының ұйымдастырушысы.

          «Құтмекен», «Тайға толғауы», «Жасыл әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау»,  «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын», «Социализм әңгімелері», «Социализм хикаяттары», «Әйел парасаты», «Алтай - алтын бесік, атажұрт» атты кітаптары көркем тілмен өмір шындығын шынайы бейнелеген шығармалар ретінде әдебиетіміздің алтын қорынан өз орнын тапты.

          Біраз туындылары  «Родники рождаются в горах», «Скрип соленого сердца» деген аттармен орыс тілінде жарық көрді. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романы Қытай астанасы Пекинде жеке кітап болып басылды.

        1998 жылы 25 тамызда аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Әлібек  Асылбайұлына I шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XVIII сессиясының  №18/5-I шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.    

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы