Меню

Страницы

Статья

СЛАБОДЧИКОВ СЕЛИВЕСТР КЛИМОВИЧ

СЛАБОДЧИКОВ СЕЛИВЕСТР КЛИМОВИЧ 1938 жылы  Белорусь КСР-і,  Могилёв облысы, Козелье деревнясында дүниеге келген. Ол 1958 жылы механизаторлар даярлайтын училищені аяқтаған соң Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін  комсомолдық жолдамамен келген еді.  Алғашында Самар ауданында еңбек етіп, 1961 жылы Большенарымға ауысып келеді. Сол уақыттан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы кеңшарда комбайншы болып еңбек етті.

Ол үш мәрте  «Жыл орағы» социалистік жарысының, IX, X, XI  бес - жылдықтардың қорытындылары бойынша комбайншылар арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. 1972 жылы  13 желтоқсанда «Еңбек Қызыл Ту» орденімен,  «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін»  медалімен марапатталған. Көптеген Құрмет грамоталардың, Алғыс хаттардың иегері. 1976 жылы еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін «Ленин» орденімен марапатталды. 1981 жылдың 19 ақпанында Селивестр Климович Слабодчиковқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар, 1972 жылы егін орағының жоспарын орындағаны үшін «Запорожец», ал X бесжылдықтың қорытындысы бойынша – «Волга» автомобилімен мадақталған. 

1994 жылы зейнет демалысына шыққан соң да, үш жыл бойы еңбектен қол үзбей, қоғам өміріне белсене атсалысты. Ұзақ жылдар бойы ол жастардың тәлімгері болып, жас механизаторларға өз тәжірибесін үйретуден танбады.

 Селивестр Климович аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы ХХІV съезінің делегаты және Қазақстан Кәсіподақтарының ХІІ съезінің делегаты болып сайланған.      

1998 жылы 25 маусымда  аудан экономикасына қосқан зор үлесі, жастарды тәрбиелеудегі белсенді қоғамдық іс-қызметі үшін Селивестр Климовичке I шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVII сессиясының №17/6-І шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 декабря 2025
Дата обновления
21 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы